О внесении изменений в решение маслихата Жуалынского района от 21 октября 2016 года № 7-4 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Жуалынском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы «Жуалы ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 7-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жуалы ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 7-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3214 болып тіркелген, 2016 жылдың 23 қарашасында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 2 тармақтың 3) тармақшасындағы «тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);» деген сөздер алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.