О внесении изменений в решение Сайрамского районного маслихата от 21 сентября 2016 года № 7-44/VI «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-44/VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында туберкулезбен куресу жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» 2014 жылдың 31 мамырдағы №597 қаулысының 59 тармағына байланысты, Сайрам ауданы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №7-44/VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3868 тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанында «Мәртөбе» газетінде және 2016 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында: 9 тармақтың 12) тармақшасында: «5» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.