О внесении изменений в постановление акимата города Костаная от 21 апреля 2017 года № 1256 «О создании государственного учреждения «Отдел государственных активов и закупок акимата города Костаная» путем реорганизации государственного учреждения «Отдел финансов акимата города Костаная» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру арқылы «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне: 12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Егер «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамада кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»; 15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өтімділікті басқаруды жүзеге асыру;»
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда аталған Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді:
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қостанай қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «___» __________ № _____ «Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына келісу парағы Әкімдік мүшелері: А. Исмагулов А. Исенбаев М. Шуленов М. Моргунов З. Кенжегарина Н. Турлубекова А. Сегизбаева «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң қызметінің басшысы ______________________________ А. Туребекова «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы _______________________ Д. Игликова КЕЛІСІЛДІ «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ____________________ З. Кенжегарина