О внесении изменения в решение Арысского городского маслихата от 21 сентября 2017 года № 15/107-VI «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Арыс» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 15/107-VI «Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10030 тіркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі №15/107-VI «Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4232 тіркелген, 2017 жылғы 28 қазандағы «Арыс ақиқаты» газетінде және 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген шешімнің «Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері» деген қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Арыс қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Арыс қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 нурыздағы №34/240-VI  шешіміне қосымша Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері № Атаулары Есептік бірлік Баға, теңгемен 1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері 1.1 Жайлы емес үйлер 1 адам 165 1.2 Жайлы үйлер 1 адам 145 1.3 Заңды тұлғалар 1 текше метр 1804 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері 2.1 Жеке тұлғалар үшін 1текше метр 150 1 тонна 800 2.2 Заңды тұлғалар үшін 1 текше метр 200 1 тонна 800 3 Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері 3.1 Түсті және қара металдар сынықтары 1 килограмм 60 3.2 Рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері 1 килограмм 10 3.3 Макулатура, картон және қағаз қалдықтары 1 килограмм 10 3.4 Пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы 1 дана 3 3.5 Шыны сынықтары 1 дана 5 3.6 Құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар 1 дана 5 3.7 Электрондық және электр жабдықтары 1 килограмм 20 3.8 Литий, қорғасын-қышқыл батареялары 1 килограмм 80