О внесении изменения в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 21 февраля 2017 года № 18 и Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2017 года № 127 «Об утверждении Правил и оснований получения уполномоченным органом по финансовому мониторингу из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов информации, необходимой для противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы №18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14952 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерінде: 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. ҚАО ААЖ пайдалану процесінде барлық параметрлерді тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.». 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағаларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ___________ Ғ. Нұрдәулетов 2019 жылғы «___» ___________ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Ә. Смайылов 2019 жылғы «___» ___________