О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 февраля 2017 года № 40 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности» и приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 15 января 2024 года № 13 «О некоторых вопросах отбора на государственную службу» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33909 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидаларында: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісуден бас тартуға негіз болып табылады: 1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 2) бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және (немесе) мінез-құлқына қоғам тарапынан негізделген сынның аудио, видео немесе өзге де материалдармен расталған теріс жарияланымдардың болуы; 3) мемлекеттік қызметшінің өткен (соңғы) тоқсандағы қызметінің қанағаттанарлықсыз бағалануы; 4) қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы; 5) заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған істің болуы; 6) кандидатта алынбаған тәртіптік жазаның немесе кандидатқа қатысты тоқтатылмаған тәртіптік істің болуы; 7) Заңның 16-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкес келмеуі.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.