О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 февраля 2017 года № 40 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларында: 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін бейінді, ситуациялық және уәждемелік сұрақтар тізбесін қалыптастырады. Бұл ретте, конкурс комиссиясы А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, B-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, С-R-2, С-R-3, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттардағы бос лауазымдарға орналасуға кандидаттар үшін сондай-ақ Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуге арналған сұрақтар тізбесін қалыптастырады.»; 4-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Кандидатты бағалау парағы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 бұйрығына қосымша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 4-қосымшасы Нысан Кандидатты бағалау парағы Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________________________________________________ Лауазымы ___________________________________________________________ 1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)______________________ 2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _____________________ 3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _____________________ Өл­шем Балл * 1-сұ­р­ақ­қа жа­у­ап (бей­ін­ді) 2-сұ­р­ақ­қа жа­у­ап (си­ту­а­ци­я­лық) 3-сұ­р­ақ­қа жа­у­ап (уәж­де­ме­лік) 4-сұ­р­ақ­қа жа­у­ап (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның стра­те­ги­я­лық және бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат­та­рын бі­лу)** Кә­сі­би тә­жі­ри­бе Бі­лім дең­гейі Бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры Ком­му­ни­ка­тив­тік дағ­ды­лар *** Бар­лы­ғы Ескертпе: * 0-ден 5 баллға дейін қойылады ** «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 24-тармағында көрсетілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қолданылады ***қосымша өлшем мемлекеттік органмен қажет болған жағдайда дербес айқындалады 1-сұраққа жауап (бейінді): 0 балл – кандидат сұраққа жауап ұсынбады 1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар 3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы меңгерген 5 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген 2-сұраққа жауап (ситуациялық): 0 балл – кандидат жауап ұсынбады 1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады 3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады 5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды 3-сұраққа жауап (уәждемелік): 0 балл – кандидат жауап ұсынбады 1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ 3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген 5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған 4-сұраққа жауап (Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу) 0 балл – кандидат сұраққа жауап ұсынбады 1 – 2 балл – кандидаттың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары туралы жалпы түсінігі бар 3 – 4 балл – кандидат Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жақсы меңгерген 5 балл – кандидат Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын толығымен меңгерген Кәсіби тәжірибе: 0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ 1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам Білім деңгейі: 1 балл – білімі сәйкес келеді 2 балл – тиісті саладағы магистр 3 балл – тиісті саладағы PhD доктор 4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар 5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар Басқару дағдылары: 1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылға дейін 2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылдан төрт жылға дейін 3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі төрт жылдан бес жылға дейін 4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан алты жылға дейін 5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 6 жыл және одан астам Коммуникативтік дағдылар: 0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді 1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді 2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді 4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады 5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді. Кандидатты бағалау парағы Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________________________________________________ Лауазымы _____________________________________________________________ 1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)________________________ 2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _______________________ 3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _______________________ Өл­шем Балл * 1-сұ­р­ақ­қа жа­у­ап (бей­ін­ді) 2-сұ­р­ақ­қа жа­у­ап (си­ту­а­ци­я­лық) 3-сұ­р­ақ­қа жа­у­ап (уәж­де­ме­лік) Кә­сі­би тә­жі­ри­бе Бі­лім дең­гейі Ком­му­ни­ка­тив­тік дағ­ды­лар ** Бар­лы­ғы Ескертпе: * 0-ден 5 баллға дейін қойылады ** қосымша өлшем мемлекеттік органмен қажет болған жағдайда дербес айқындалады 1-сұраққа жауап (бейінді): 0 балл – кандидат сұраққа жауап ұсынбады 1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар 3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы меңгерген 5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген 2-сұраққа жауап (ситуациялық): 0 балл – кандидат жауап ұсынбады 1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады 3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады 5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды 3-сұраққа жауап (уәждемелік): 0 балл – кандидат жауап ұсынбады 1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ 3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген 5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған Кәсіби тәжірибе: 0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ 1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам Білім деңгейі: 1 балл – білімі сәйкес келеді 2 балл – тиісті саладағы магистр 3 балл – тиісті саладағы PhD доктор 4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар 5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар Коммуникативтік дағдылар: 0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді 1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді 2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді 4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады 5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.