О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 февраля 2017 года № 40 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы № бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 1-қосымша «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына және 29-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік орган өткiзедi.
Тармақ 3
3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
Тармақ 4
4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурстар функциялары, өкілеттіктері мен штат сандары қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi
2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi
Тармақ 6
6. Конкурс мынадай түрлерден тұрады:
Тармақша 1
1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;
Тармақша 2
2) барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;
Тармақша 3
3) жалпы конкурс.
Тармақ 7
7. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адамдардан құжаттар қабылдау;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
Тармақ 8
8. Денешынықтыру және спорт, білім, мәдениет және денсаулық сақтау бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру және спорт, білім, мәдениет және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жетекшілік ететін салалық министрліктермен (бұдан әрі – салалық министрліктер) келісудің кезеңін қамтиды Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарағаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) екі жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды түрдегі көшірмелерін салалық министрлікке жолдайды. Конкурсқа қатысушыларды келісу конкурс комиссиясынан конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды көшірмелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салалық министрлікпен жүргізілетін конкурсқа қатысушылармен сұхбат арқылы жүзеге асырылады. Сұхбат кандидаттың қалауы бойынша қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін. Конкурсқа қатысушыларды келісудің нәтижесі екі жұмыс күні ішінде электронды түрде конкурс өткізген мемлекеттік органға жолданатын шешім түрінде ресімделеді. Әрбір конкурсқа қатысушыға жекелеген қорытынды жасалады. Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Тармақ 10
10. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген тиісті талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органға осы Қағидалардың 44, 76 немесе 79-тармақтарында көзделген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.
Тармақ 12
12. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
Тармақ 13
13. Конкурс комиссиясы кандидаттармен әңгiмелесуді өткiзедi және олардың арасынан бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады немесе бос лауазымдарға қабылдаудан бас тартады.
Тарау 3. 3-тарау. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
3-тарау. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
Тармақ 14
14. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен немесе жауапты хатшымен (аппарат басшысымен) қалыптастырылады.
Тармақ 15
15. Конкурс комиссиясының төрағасы конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген конкурс комиссиясының құрамын бекіткен адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Тармақ 16
16. Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады. Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы бірыңғай конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Тармақ 17
17. Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады. Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы бірыңғай конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Тармақ 18
18. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының ішінде құрылатын конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес мөлшерінде түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.
Тармақ 19
19. Конкурс комиссиясының немесе бірыңғай комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген адамдар, орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 14-тармағында, 16-тармағының бірінші бөлігінде, 17-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) анықтайтын өзге адамдар енгізіледі. Аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары лауазымына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының орынбасары лауазымына орналасуға конкурс, конкурс комиссиясының құрамына осы ауданның, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының немесе осы атқарушы органның өкілін қоса отырып, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының конкурс комиссиясымен немесе бірыңғай конкурс комиссиясымен өткізіледі.
Тармақ 20
20. Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына аталған комиссия комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың не мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.
Тармақ 21
21. Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін құрылатын конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысуға құқылы. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті. Орталық атқарушы органмен немесе оның ведомствосымен сұрау түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс комиссиясының құрамына кандидатура ұсынылмаған жағдайда конкурс комиссиясы осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілісіз құрылады.
Тармақ 22
22. Конкурс комиссиясының құрамына конкурс қатысушысы кірмейді.
Тармақ 23
23. Конкурс комиссиясының хатшысы мемлекеттік қызметшілердің қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 24
24. Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Конкурс комиссиясының құрамын өзгерту уәкілетті адамның шешімімен жүзе асырылады.
Тармақ 26
26. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 лауазымдары үшін тиiстi мемлекеттiк органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады. Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі. Бұл ретте осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеудің құралдарын қолдану туралы ақпарат конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Тармақ 28
28. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Тармақ 29
29. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 30
30. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Тармақ 32
32. Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Тармақ 33
33. Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Тармақ 34
34. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Тармақ 35
35. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді жария етуге жол берілмейді.
Тармақ 36
36. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына қатысуларына жол беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
4-тарау. Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Тармақ 37
37. Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс (бұдан әрі – ішкі конкурс) өткізеді, оған Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
Тармақ 38
38. Төменгі болып табылатын бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді.
Тармақ 1. 1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру
1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру
Тармақ 39
39. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде ішкі конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда ішкі конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.
Тармақ 40
40. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 27-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
Тармақ 41
41. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) орналасқан жері көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, барынша рұқсат етілген файлдар өлшемінің шектеулерін көрсетумен электрондық пошта мекенжайлары;
Тармақша 2
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орган айқындаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
Тармақша 4
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 6
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмдерi мен орны;
Тармақша 7
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
Тармақша 8
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны;
Тармақша 9
9) конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
Тармақша 10
10) осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеу құралдарын қолдану туралы ақпарат.
Тармақ 42
42. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт, жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмайтын жұмыскердің жұмысқа шығу күнін, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы туралы ақпараттың көрсетілуімен, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
Тармақ 43
43. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Тармақ 44
44. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Тармақ 45
45. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Тармақ 46
46. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
Тармақ 47
47. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 48
48. Шешім осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгіде (бұдан әрі – Шешім) ресiмделеді және оған комиссияның хатшысы және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам (бұдан әрі – персоналды басқару қызметінің басшысы) қол қояды. Персоналды басқару қызметінің басшысы шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Тармақ 49
49. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы Шешімді және 7-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметі шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
Тармақ 50
50. Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 51
51. Конкурс комиссиясының хатшысы рұқсат алмаған конкурс қатысушыларына конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
Тармақ 52
52. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
Тармақ 53
53. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Тармақ 54
54. Кандидаттарды бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi. Әңгімелесу алдында конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге қатысушыға конкурс комиссиясының мүшелерін, байқаушыларды, сарапшыларды, уәкілетті органның өкілін таныстырады. Әңгімелесуге конкурс комиссиясының үштен кем емес мүшелері қатысады. Конкурс комиссиясының мүшелері әңгімелесу барысында әдеп нормаларын, әңгімелесуге қатысушыларына құрметпен, сыпайы, әдепті және тілектесттік қарым-қатынасын сақтайды. Конкурсқа (-тарға) қатысатын және бос лауазымға (-дарға) орналасуға (оның ішінде екі және одан көп лауазымдарға) арналған әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған үміттенген бос лауазымға (-дарға) байланысты сұрақтар қойылады және осы Қағидалардың 55 және 92-тармақтарымен белгіленген жағдайларда конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне эссе жазады. Бір және сол лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтардың саны тең көлемде қойылады. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді. Бұл ретте әңгімелесудің және іріктеудің басқа тәсілдерінің бейнежазбасымен кандидат және комиссия мүшелері қамтылады. Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі. Әңгімелесу барысында техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен бір жылдан кем емес персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Тармақ 55
55. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Тармақ 5. 5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
Тармақ 56
56. Әңгімелесуді өткiзу аяқталған күні конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Кандидаттарды бағалау нәтижелерін конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы бағалау парағына (бұдан әрі – Бағалау парағы) әрбір үміттенген бос лауазым бойынша бөлек енгізеді. Кандидатты бағалау парағы электронды түрде толтырылуы мүмкін.
Тармақ 58
58. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидаттарды бағалау парағында қойылған баллдар негізінде қабылданады.
Тармақ 59
59. Егер бағалау парақтарын комиссия құрамының кемінде үштен екісі оның ішінде төраға, бірақ үштен кем емес адам толтырса, конкурс комиссиясының шешiмi заңды деп есептеледi.
Тармақ 60
60. Ең көп балл сомасын алған кандидат конкурс комиссиясының оң қорытындысын алады. Балл сомалары тең болған жағдайда, конкурс комиссиясының төрағасы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты анықтайды. Балл сомаларын есептеуді конкурс комиссиясының хатшысы жүзеге асырады. Бұл ретте конкурс комиссиясы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттың жоқтығы туралы шешім қабылдай алады.
Тармақ 61
61. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында конкурс комиссиясының шешімі орналастырылады. Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда, оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Тармақ 62
62. Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден табысты өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, конкурс комиссиясы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
Тарау 5. 5-тарау. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
5-тарау. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Тармақ 63
63. Конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысушылар болмаған кезде немесе мемлекеттік орган құрылған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізіледі. Егер бос лауазымдар басқарушы болып табылмаса, немесе мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының C-R, Е, E-R және E-G санаттарына жатқан жағдайда, мемлекеттік орган Заңның 29-бабы 2-1-тармағына сәйкес барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты өткізбестен, жалпы конкурс өткізе алады.
Тармақ 64
64. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген ішкі конкурстың тәртібі мен мерзімдеріне ұқсас.
Тармақ 65
65. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурста конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушылар болмаған жағдайда жалпы конкурс өткізіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Жалпы конкурс
6-тарау. Жалпы конкурс
Тармақ 66
66. Төменгі болып табылмайтын бос лауазымға орналасу үшін жалпы конкурс орталық мемлекеттік органда не оның ведомствосында уәкілетті органмен келісу бойынша, ал орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда немесе өзге мемлекеттік органда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өткізіледі.
Тармақ 67
67. Төменгі бос лауазымға орналасу үшін жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатпайды.
Тармақ 68
68. Төменгі болып табылмайтын лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу туралы хабарламаны келісу үшін бос лауазымы бар мемлекеттік орган уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне:
Тармақша 1
1) жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін;
Тармақша 2
2) ішкі конкурстардың конкурс комиссиялары отырыстарының хаттамаларын жолдайды. Мемлекеттік орган осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбаған немесе толық емес түрде ұсынбаған жағдайда, сұрау салуды және қоса берілген құжаттарды уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі олар түскен сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде қараусыз қайтарады.
Тармақ 69
69. Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі тапсырылған материалдарды олар келіп түскен сәттен екі жұмыс күнi iшiнде қарастырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) тиісті хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 2
2) келiсуден бас тартады.
Тармақ 70
70. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау, жалпы конкурс өткізуге келiсiм беруден бас тарту үшін негiз болып табылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру
1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру
Тармақ 71
71. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.
Тармақ 72
72. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 27-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
Тармақ 73
73. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;
Тармақша 2
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
Тармақша 4
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 76 немесе 79-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі, осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген оларды ұсыну тәсілдері туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
Тармақша 7
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
Тармақша 8
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш пен Қызметтік тізімнің нысаны;
Тармақша 9
9) конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
Тармақша 10
10) осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеу құралдарын қолдану туралы ақпарат.
Тармақ 74
74. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
Тармақ 75
75. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Тармақ 76
76. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) Өтініш;
Тармақша 2
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
Тармақша 3
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 77
77. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
Тармақша 1
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Тармақ 78
78. Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Тармақ 79
79. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) Өтініш;
Тармақша 2
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Тармақ 80
80. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Тармақ 81
81. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Тармақ 82
82. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген адамдардың қызметтік тізімі, өтініш және құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) конкурс аяқталған сәттен бастап бір жыл ішінде сақталады.
Тармақ 83
83. Конкурстық іріктеуден өтпеген адамдардың өтініштері негізінде оларға осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 79-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 3. 3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
Тармақ 84
84. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тапсырылған құжаттарды Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігін қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Кандидаттардың Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Арнайы есептер» деректер қоры арқылы қаралады. Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 85
85. Шешім әзірленеді және оған конкурс комиссияның хатшысы және персоналды басқару қызметінің басшысы қол қояды. Персоналды басқару қызметінің басшысы шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Тармақ 86
86. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізудің кестесін қалыптастырады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында конкурс комиссиясымен шешімді қабылдау күннен кейін бір жұмыс ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
Тармақ 87
87. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 88
88. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
Тармақ 89
89. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады. Конкурс комиссиясы жеке қасиеттерді бағалау нәтижелерін ескереді.
Тармақ 90
90. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Тармақ 91
91. Жалпы конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген тәртіпте өткізіледі.
Тармақ 92
92. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Тармақ 5. 5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
Тармақ 93
93. Әңгімелесуді өткiзу аяқталған күні конкурс комиссиясы кандидаттарды ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Тармақ 94
94. Кандидаттарды бағалау нәтижелері Бағалау парағына әрбір үміттенген бос лауазым бойынша бөлек енгізіледі.
Тармақ 95
95. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидаттарды бағалау парағында қойылған баллдар негізінде қабылданады.
Тармақ 96
96. Конкурс комиссиясының шешiмi егер бағалау парақтарын оның құрамының үштен екі кем емес бөлiгi, оның ішінде төраға, бірақ үштен кем емес адам толтырса, заңды деп есептеледi.
Тармақ 97
97. Конкурс комиссиясының оң нәтижесін ең көп балл жиынтығын алған кандидат алады. Балл жиынтықтары тең болған жағдайда, конкурс комиссиясының оң нәтижесін алған кандидат конкурс комиссиясының төрағасымен анықталады. Балл жиынтықтарын есептеу конкурс комиссиясының хатшысымен жүзеге асырылады. Бұл ретте конкурс комиссиясы конкурс комиссиясының оң нәтижесін алған кандидаттың жоқтығы туралы шешім қабылдай алады.
Тармақ 98
98. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi. Конкурс комиссиясының мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Тармақ 99
99. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады. Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Тармақ 100
100. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
Тарау 7. 7-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
7-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
Тармақ 101
101. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды. Әңгімелесуге бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындала алады. Мемлекеттік орган жарияланған лауазымға мемлекеттiк қызметке алғаш рет кірген немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кірген азаматтарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардың құжаттарын ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеруді жүргізу үшін жолдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілде № 784 қаулысымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды адамның (органның) келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.
Тармақ 102
102. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).
Тарау 8. 8-тарау. Шағым жасау тәртiбi
8-тарау. Шағым жасау тәртiбi
Тармақ 103
103. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Тармақ 104
104. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Тармақ 105
105. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Тармақ 106
106. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 107
107. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында немесе персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) қаралады. Конкурс комиссиясы немесе персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Тармақ 108
108. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.
Басқа 1. Байқаушыға жадынама
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 1-қосымшасы Байқаушыға жадынама Құрметті байқаушы, Сізді конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырды. Осыған орай, байқаушының толық жұмысы үшін Сізді осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз. Жадынама Сіздің қалауыңыз бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады. Сіздің байқаушы ретінде: конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен танысуға; конкурсанттармен әңгімелесу кезінде қатысуға; әңгімелесуді өткізу барысына баға беруге; конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікіріңізді жазбаша түрде мемлекеттік органның басшылығына немесе Мемлекеттікк қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл ретте, байқаушы: кандидаттарға сұрақ қоя алмайды; конкурсқа қатысушылардың жеке мәліметтерін жария ете алмайды; әңгімелесуді өткізу рәсіміне араласып, конкурс комиссиясының отырысы барысына кедергі жасай алмайды; конкурсқа қатысушыларға қандай да бір қолдау көрсете алмайды; конкурс комиссиясыны мүшелері шешім қабылдаған кезде оларға әсер ете алмайды; техникалық жазба құралдарын қолдана алмайды. Әңгімелесу барысында конкурс комиссиясының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын сақтауына назар аударыңызды сұраймыз. Жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес: әңгімелесуге конкурс комиссиясының кемінде үш мүшесі қатысады; конкурс комиссиясының хатшысы кандидаттарды конкурс комиссиясының құрамымен, байқаушылармен және сарапшылармен таныстыру тиіс; конкурс комиссиясы конкурсанттарға әңгімелесуден мемлекеттік немесе орыс тілінде өту мүмкіндігін беру тиіс; әңгімелесу барысында конкурс комиссиясы мүшелерінің кандидаттарға деген әдепсіз немесе құрметсіз тәртібіне жол берілмейді; әңгімелесу тілектес жағдайында өту тиіс. Әңгімелесу кезінде кандидат конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Егер «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бұзылған жағдайда ол туралы Агенттікке немесе оның аумақтық департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз. Таныстым: __________ _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) «____»_______________ 20__ ж.
Басқа 2. Өтініш
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________ (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ______________________ ______________________ ______________________ Мекен жайы: ______________________ Байланыс телефоны: ______________________ e-mail: ______________________ ЖСН: ______________________ _________ ___________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «___»_______________ 20 __ ж.
Басқа 3. «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы Нысан «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б» ________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) _______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері / Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) 3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей 4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения 5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 6. Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками 7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) 10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации қабылданған / приема босатылған / увольнения _____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата _______________ күні / дата * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады
Басқа 4
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 4-қосымшасы Нысан Кандидатты бағалау парағы Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________ Лауазымы ____________________________________________________________ 1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)_____________________________ 2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _____________________________ 3-сұрақ * (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _________________________ Өлшем Балл ** 1-сұраққа жауап 2-сұраққа жауап 3-сұраққа жауап * Эссені жазу *** Кәсіби тәжірибе Білім деңгейі Басқару дағдылары **** Коммуникативтік дағдылар * Барлығы __________________________________ (конкурстық комиссия мүшесінің қолы) ________________________________________________________________ (конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «__»_______ 20__ ж. Ескертпе: * сұрақтар саны және қажет болған жағдайда қосымша өлшемдер мемлекеттік органмен дербес айқындалады ** 0-ден 5 баллға дейін қойылады *** А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдары үшін **** басқарушы лауазымдарға қолданылады Эссені бағалаудың параметрлері (екі жүз сөзден артық емес): 0 балл – кандидат эссені жазған жоқ немесе тақырыбын ашып жазған жоқ (мәселені білмейтіндігін көрсетті) 1 – 2 балл – кандидат эссе тақырыбын жартылай ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі және түсінігі бар) 3 – 4 балл – кандидат эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы ауқымды білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың өте жақсы деңгейі бар) 5 балл – кандидат эссе тақырыбын толығымен ашты (тиісті сала туралы терең білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың жоғары деңгей бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады) Кәсіби тәжірибе: 0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ 1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам Білім деңгейі: 1 балл – білімі сәйкес келеді 2 балл – тиісті саладағы магистр 3 балл – тиісті саладағы PhD доктор 4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар 5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар Басқару дағдылары: 0 балл – басқарушы лауазымдағы тәжірибесі жоқ 1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылға дейін 2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылдан төрт жылға дейін 3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі төрт жылдан бес жылға дейін 4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан алты жылға дейін 5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 6 жыл және одан астам Коммуникативтік дағдылар: 0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді 1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді 2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді 4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады 5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Басқа 5
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 5-қосымшасы Нысан _________________________________ (мемлекеттік орган) Кандидат _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысуға өтініш қабылданды Қабылданған өтінішке қоса берілген құжаттар: _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________________________ ___________________________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________ (қолы) «____»_______________ 20__ ж.
Басқа 6. Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу тураы ШЕШІМ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 6-қосымшасы Нысан Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу тураы ШЕШІМ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. 1) 2) 3) … 2. 1) 2) 3) … ___________________________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 7. Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 7-қосымшасы Нысан Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 3. 4) 5) 6) … 4. 4) 5) 6) … ___________________________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))