О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 февраля 2017 года № 40 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 26-бабының 1) тармақшамсына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, 29-бабының 2-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларының 27, 31-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде қорытындының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.»; 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.»; 38-тармақтың ресми тілдегі редакциясы өзгертілді, мемлекеттік тілдегі редакциясы өзгермейді; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.»; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.»; 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «51. Конкурс комиссиясының хатшысы рұқсат алмаған конкурс қатысушыларына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.»; мынадай редакциядағы 60-1-тармақпен толықтырылсын: «60-1. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған еркін нысандағы қағаз және (немесе) электронды түрдегі хаттама түрiнде ресiмделедi. Конкурс комиссиясының мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.»; 73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;»; 84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «84. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігін қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Кандидаттардың Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Арнайы есептер» деректер қоры арқылы қаралады. Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.»; 85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «85. Шешім әзірленеді және оған конкурс комиссияның хатшысы және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам қол қояды. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.»; 86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «86. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізудің кестесін қалыптастырады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдау күннен кейін бір жұмыс ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.»; 87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «87. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.»; 88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «88. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.»; 89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «89. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады. Конкурс комиссиясы шекті мәннен төмен емес нәтижелерімен жеке қасиеттерді бағалауды ескереді.»; 100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «100. Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.»; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – «Б» корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.»; мынадай редакциядағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Қағидалардың 1-1-қосымшасында келтірілген.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады. Кандидаттар Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады. Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация және портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады. Кандидат Стандарттың 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.»; мынадай редакциядағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі. Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.»; 25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25-1. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.»; мынадай редакциядағы 32-1-тармақпен толықтырылсын: «32-1. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 10-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органда апелляциялық комиссия құрылады.»; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қосылуы мүмкін.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады. Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Апелляциялық комиссия тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің төмен нәтижесін алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.»; мынадай редакциядағы 7-тараумен толықтырылсын: «7-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 48. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға берілуі мүмкін. Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кандидаттың шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға келіп түскен кандидаттың шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі. 49. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.»; осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын; 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын; 12-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 19 мамыры № 81 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-1-қосымша «Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­ді, бос мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­ға ор­на­ла­су­ға үміт­кер­лер­ді және құқық қор­ғау қыз­ме­тіне ал­ғаш рет кі­ре­тін аза­мат­тар­ды те­сті­леу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау: 1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы; 2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкi­мет» веб-пор­та­лы және або­нент­тік ұя­лы бай­ла­ныс құ­ра­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды. 3 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі Те­сті­леу өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен бір күн­тіз­бе­лік күн­нен ер­те емес және кан­ди­дат таң­да­ған те­сті­леу кү­ні мен уа­қы­ты­нан ке­шік­ті­ріл­мей өт­кі­зі­ле­ді. Құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­ге рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қыт – 15 ми­нут. Кан­ди­дат­қа қыз­мет көр­се­ту­ге рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қыт – 30 ми­нут.. 4 Мем­ле­кет­тiк көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тi көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (жар­ты­лай ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және/неме­се қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­дің нәти­же­сі Осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша сер­ти­фи­кат, осы Қа­ғи­да­лар­ға 9-қо­сым­ша­ға сәй­кес «Б» кор­пу­сы­ның ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат­тың же­ке қа­си­ет­те­рін ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған те­сті­леу нәти­же­сі бой­ын­ша қо­ры­тын­ды неме­се осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша те­сті­ле­уді өту мән­де­рі­нен тө­мен нәти­же­ле­рі­мен те­сті­ле­уден өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма. Мем­ле­кет­тік тіл­ді бі­лу­ге ар­нал­ған те­сті­ле­у­ге шек­ті мән бел­гі­лен­бей­ді. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де. 6 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­лар­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де кан­ди­дат­тан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру жұ­мыс уа­қы­тын­да, ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі – сен­бі ара­лы­ғын­да са­ғат 09.00-ден 20.00-ге дей­ін, түс­кі үзі­ліс­сіз жүр­гі­зі­ле­ді. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­ды» ке­зек тәр­ті­бін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Элек­трон­ды ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды. 3) пор­тал – тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өтін­ген жағ­дай­да 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді). Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның: www.​gov4c.​kz. 3) пор­тал­да www.​egov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі 1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін); 2) пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де: элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу. Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­ды үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­рі 1) кан­ди­дат­тың соң­ғы күн­тіз­бе­лік он бес ішін­де шек­ті мән­нен тө­мен нәти­же­мен те­сті­ле­уден өтуі; 2) кан­ди­дат­тың соң­ғы ал­ты ай ішін­де те­сттен өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­рын бұз­ғанды­ғы ту­ра­лы опе­ра­тор тол­тыр­ған осы Қа­ғи­да­лар­дың 10-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ак­ті­нің бар бо­луы; 3) соң­ғы бір жыл ішін­де те­сті­леу ке­зін­де жал­ған адам­ды анық­тау ту­ра­лы опе­ра­тор тол­тыр­ған осы Қа­ғи­да­лар­дың 10-1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ак­ті­нің бар бо­луы негіз бо­лып та­бы­ла­ды. 10 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып көр­се­ті­ле­тін, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өз бе­тін­ше қоз­ға­лу, бағ­дар алу қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық не іші­на­ра жо­ғал­тқан кан­ди­дат­тар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­кер­ле­рі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8-800-080-7777 жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша шы­ға оты­рып жүр­гі­зе­ді. Кан­ди­дат­тың ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Кан­ди­дат­тың мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі 1414, 8-800-080-7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Басқа 2. ҚОЛХАТ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 3-қосымша Нысан ҚОЛХАТ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің __________________________________________________________________ өтініші қабылданды. (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)) Тестілеу өту күні: _____________________ Тестілеу өту уақыты: __________________ Тестілеу өту мекенжайы: _______________ Тестілеу бағдарламасы: ________________ Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер: _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді. Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді. «___» ___________________ 20 __ ж.
Басқа 3. Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 6-қосымша Нысан Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА ______________________________________________________ (үміт­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ті­лі мен заң­на­ма­ла­рын бі­лу­ге ар­нал­ған те­сті­ле­уден _________________ қа­ла­сын­да «___» __________ 20____ж. _____ бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша «Б» кор­пу­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зы­мы­на ор­на­ла­су­ға те­сті­ле­уді өту мән­де­рі­нен тө­мен нәти­же­ле­рі­мен те­сті­ле­уден өт­ке­ні ту­ра­лы бе­ріл­ді. Тест ата­уы Те­сті­леу сұ­рақ­та­ры­ның/ тап­сыр­ма­лар­дың са­ны Те­сті­ле­уді өту мәні Дұ­рыс жа­у­ап­тар­дың са­ны ҚО­РЫ­ТЫН­ДЫ Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады. Тестілеу операторының қолы: _____________________________ М.О. «___» ___________________ 20 __ ж.
Басқа 4. Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығына 4-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 10-1-қосымша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті _________қаласы «____» ____ 20___ ж. __ сағ.. _ мин. ________________________________________ тестілеу операторымен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) азамат _______________________________ЖСН________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) орнына азамат _____________________________ЖСН___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды. Тестілеу операторының қолы: _____________________________________ Актімен таныстым: _______________________________________________ (жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба ______________________________ (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Басқа 5. Өтініш
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығына 5-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 12-қосымша Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның апелляциялық комиссиясының Төрағасына ___________________________________ (кандидаттың Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) ____________________________________ (кандидаттың ЖСН) Тел.________________________________ Эл. мекенжайы__________________________ Өтініш Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________ қ. (тестілеу күнін көрсету) өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын. Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. «___» _______________ 20__ж.