О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 февраля 2017 года № 40 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: ««Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 лауазымдары үшін тиісті мемлекеттік органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады. Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі. Бұл ретте осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеудің құралдарын қолдану туралы ақпарат конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.»; 41-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.»; 49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «49. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және 7-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.»; 55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «55. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.»; 73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.»; 75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «75. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.»; 76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «76. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім); 3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.»; 78-тармақ алып тасталсын; 79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «79. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады: 1) Өтініш; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.»; 80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «80. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.»; 86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «86. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және 7-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.»; 92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «92. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.»; 97-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді. 98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «98. Талқылау барысы мен конкурстық комиссияның шешімі еркін нысандағы хаттама түрінде қағаз және (немесе) электрондық түрде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды. Шешім электронды түрде әзірленген жағдайда конкурс комиссиясының мүшелері шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.»; 102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «102. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамға мынадай құжаттарды тапсырады: 1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі); 2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) амбулаториялық-емханалық ұйымдарында қолданылатын медициналық есеп құжаттамасының нысандарына сәйкес құжатты тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген №075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесі); 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20665 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығы) бекітілген «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет; 4) № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрықпен бекітілген «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет; 5) Қағиданың 75-тармағына сәйкес құжаттың электрондық көшірмесін тапсырған жағдайда білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам осы Қағиданың 76-тармағы 3) тармақшасына сәйкес білімі туралы құжаттарға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.»; 103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «103. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.»; мынадай мазмұндағы 103-1 тармақпен толықтырылсын: «103-1. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібермеуге құқылы.»; 104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «104. Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.»; 1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілетін қызметті берушісі «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Көрсетілетін қызметті беруші «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – «Б» корпусының лауазымына үміткерлер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.»; 12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында келтірілген.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында келтірілген. 13. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады. Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі. Портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті Көрсетілетін қызметті берушіден ала алады.»; 14-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14-1. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидаларға 5 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі-сертификат) жолданады. Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды. Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген Сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде Сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады. Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат сол Сертификат жарамды болып табылатын тестілеу бағдарламалары бойынша қайта тестілеуден өтпейді.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеу өту мәндерінен төмен нәтижелермен тестілеуден өткені туралы анықтама жолданады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн өткен соң жол беріледі.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер Сертификаттың телнұсқасын оның қолданылу мерзімі ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ала алады.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды портал арқылы «жеке кабинетіне» жолданды. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде қорытындының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы кандидаттың «жеке кабинетіне» 20 (жиырма) минут ішінде жолданады.»; 37-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37-1 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»; 37-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37-2 Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган «Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Орталыққа жібереді.»; 7-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «7-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»; 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.»; 49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «49. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»; 1-қосымша алып тасталсын; 2-қосымша осы тізбеге 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2-1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 6-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 9-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Байқаушыға жадынама
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 11 ақпандағы № 37 1-қосымша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 1-қосымшасы Байқаушыға жадынама Құрметті байқаушы, Сізді конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырды. Осыған орай, байқаушының толық жұмысы үшін Сізді осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз. Жадынама Сіздің қалауыңыз бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады. Сіздің байқаушы ретінде: конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен танысуға; конкурсанттармен әңгімелесу кезінде қатысуға; әңгімелесуді өткізу барысына баға беруге; конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікіріңізді жазбаша түрде мемлекеттік органның басшылығына немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл ретте, байқаушы: кандидаттарға сұрақ қоя алмайды; конкурсқа қатысушылардың жеке мәліметтерін жария ете алмайды; әңгімелесуді өткізу рәсіміне араласып, конкурс комиссиясының отырысы барысына кедергі жасай алмайды; конкурсқа қатысушыларға қандай да бір қолдау көрсете алмайды; конкурс комиссиясының мүшелері шешім қабылдаған кезде оларға әсер ете алмайды; нақты конкурсқа қатысушылар туралы, олардың жеке қасиеттері туралы өз пікірін ашық білдіруге болмайды; техникалық жазба құралдарын қолдана алмайды. Әңгімелесу барысында конкурс комиссиясының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын сақтауына назар аударыңызды сұраймыз. Жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес: әңгімелесуге конкурс комиссиясының кемінде үш мүшесі қатысады; конкурс комиссиясының хатшысы кандидаттарды конкурс комиссиясының құрамымен, байқаушылармен және сарапшылармен таныстыру тиіс; конкурс комиссиясы конкурсанттарға әңгімелесуден мемлекеттік немесе орыс тілінде өту мүмкіндігін беру тиіс; әңгімелесу барысында конкурс комиссиясы мүшелерінің кандидаттарға деген әдепсіз немесе құрметсіз тәртібіне жол берілмейді; әңгімелесу тілектес жағдайында өту тиіс; әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы бейнежазба көмегімен тіркеледі. Әңгімелесу кезінде кандидат конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Егер «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бұзылған жағдайда ол туралы Агенттікке немесе оның аумақтық департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз. Таныстым: __________ _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 20 __ ж. «___» ___________________
Басқа 2. Өтініш
2-қосымша Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш Мені ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________ (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Мекенжайы: ______________________ Байланыс телефондары: ________________ e-mail: ______________________ ЖСН: ______________________ _________ ___________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20 __ ж. «___»_______________
Басқа 3. Өтініш
3-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-қосымша Нысан Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы ________________________ тел.____________________ эл. мекенжайы __________ Өтініш Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеуге жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Тестілеу өту мекенжайы: ___________ Тестілеу өтуді қалаған күні: _________. Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______. 20 __ ж. «___» ___________________
Басқа 4
4-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-1-қосымша «Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­ді, бос мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­ға ор­на­ла­су­ға үміт­кер­лер­ді және құқық қор­ғау қыз­ме­тіне кі­ре­тін аза­мат­тар­ды те­сті­леу» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің пер­со­на­лын бас­қа­ру ұлт­тық ор­та­лы­ғы» АҚ 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкi­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрi – пор­тал) 3 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі Те­сті­леу өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік бір күн­нен ер­те емес және кан­ди­дат таң­да­ған те­сті­леу кү­ні мен уа­қы­ты­нан ке­шік­ті­ріл­мей өт­кі­зі­ле­ді. 4 Мем­ле­кет­тiк көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тi көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­дің нәти­же­сі Осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша элек­трон­дық сер­ти­фи­кат, осы Қа­ғи­да­лар­ға 9-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша «Б» кор­пу­сы­ның ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат­тың же­ке қа­си­ет­те­рін ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған те­сті­леу нәти­же­сі жө­нін­де­гі қо­ры­тын­ды неме­се осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша те­сті­ле­уді өту мән­де­рі­нен тө­мен нәти­же­ле­рі­мен те­сті­ле­уден өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма. Те­сті­ле­удің нәти­же­сі пор­тал ар­қы­лы кан­ди­дат­тың же­ке ка­би­не­тіне 20 (жиыр­ма) ми­нут ішін­де жі­бе­рі­ле­ді. 6 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін. Бұл рет­те, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ше­ші­мі бой­ын­ша те­сті­леу зал­да­ры­ның жұ­мыс уа­қы­тын 23.00-ге дей­ін ұзар­ту­ға жол бе­рі­ле­ді; 2) пор­тал – тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (кан­ди­дат­тың жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өтін­ген жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді). Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​gov.​kz; 2) пор­тал­да www.​egov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін кан­ди­дат пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге кан­ди­дат­тың ЭЦҚ-мен неме­се ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры бе­ре­тін кан­ди­дат­тың або­нент­тік нө­мі­рі тір­кел­ген қо­сы­л­ған жағ­дай­да пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на бір рет­тік па­роль ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­ра­ным жол­дай­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­рі 1) кан­ди­дат­тың соң­ғы күн­тіз­бе­лік он бес күн ішін­де шек­ті мән­нен тө­мен нәти­же­мен те­сті­ле­уден өтуі; 2) кан­ди­дат­тың соң­ғы ал­ты ай ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2017 жы­л­ғы 21 ақ­пан­да­ғы № 40 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 14939 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Те­сті­леу ере­же­ле­рін бұ­зу ту­ра­лы қыз­мет бе­ру­ші тол­тыр­ған ак­ті­нің бар бо­луы; 3) соң­ғы бір жыл ішін­де те­сті­леу ке­зін­де жал­ған адам­ды анық­тау ту­ра­лы опе­ра­тор тол­тыр­ған осы Қа­ғи­да­лар­дың 10-1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ак­ті­нің бар бо­луы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы 10 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Кан­ди­дат ЭЦҚ қол­да­ну ар­қы­лы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Кан­ди­дат­тың мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі -1414, 8-800-080-7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Басқа 5. СЕРТИФИКАТ
5-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 5-қосымша Нысан СЕРТИФИКАТ ________________________________________________ «Б» корпусының (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша «___»______________ 20 __ ж. өткенін растайды. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады. Осы сертификат «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің: ____________________________________________________________________санаттарына жарамды. ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______ 20 __ ж. «____» _______________
Басқа 6. Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
6-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 6-қосымша Нысан Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА ______________________________________________________ (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _______________ қаласында «___» _______ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады. ekyzmet.kz сайтында тексеру коды ____ 20 __ ж. «____» _______________
Басқа 7. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
7-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 9-қосымша Нысан «Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда): Тестілеу күні мен уақыты: ЖСН: Жауаптардың растығы: № Құзыреттің атауы Қысқашы мінездеме 1 Стресске орнықтылық 2 Ынтымақтастық және әрекеттестік 3 Стратегиялық ойлану 4 Қызметті басқару 5 Жеделділік 6 Адалдық 7 Қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану 8 Бастамашылдық 9 Шешім қабылдау 10 Өздігінен даму 11 Көшбасшылық 12 Жауапкершілік 13 Өзгерістерді басқару ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______ 20 __ ж. «____» _______________