О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 февраля 2017 года № 40 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: преамбула мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес»; бұйрықтың 1-тармағы: 2) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын: «2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;»; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) осы бұйрықтың 2-1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының cауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.»; осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «Келісу» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Келісу» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Келісу» Шымкент қаласының әкімі «Келісу» Ақмола облысының әкімі
Басқа 7. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 27 ақпандағы № 49 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-1-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы уақытша Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының cауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңінде ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс (бұдан әрі - іріктеу) өткізудің тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-баптың 2-тармағына, 27-баптың 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі-жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталда жүргізілетін келесі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жеке қасиеттерін бағалату;
Тармақша 2
2) жалпы конкурс.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) үміткер – Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, іріктеуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 2
2) бағалаушы – сарапшы, конкурстық комиссияның мүшесі;
Тармақша 3
3) прокторинг – жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі;
Тармақша 4
4) проктор – іріктеу кезеңдерінен өту рәсімін тексеруді жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 5
5) еңсерілмейтін күш – төтенше және алдын алуға болмайтын оқиға, оның ішінде төтенше жағдай жариялау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес шектеу іс-шаралары (карантин) енгізілген жағдай.
Тармақша 6
6) кадр қызметі – мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе бірыңғай персоналды басқару қызметі.
Тармақша 7
7) жеке кабинет – тіркелгеннен және/немесе авторизациядан кейін қолжетімді болатын жүйедегі үміткердің жеке парақшасы;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.
Тармақша 9
9) Үміткердің электрондық жеке ісі (бұдан әрі – ЭЖІ) үміткердің жеке басын куәландыратын құжатты, тіркелген жері, еңбек жолы, білімі туралы мәліметтерді, сондай-ақ «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық пошта мекенжайын, фотосуреттерін және ұялы телефон нөмірін алу арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) жүйеде іріктеу рәсімінің әкімшісі, оның ішінде «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушісі болып табылады.
Тармақ 5
5. Үміткердің мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен ақпарат сұратылады. Үміткер Заңның 16-бабының 3 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іріктеудің кез-келген кезеңінен шығарылады.
Тармақ 6
6. Іріктеуге қатысу үшін үміткер жеке сәйкестендіру нөмірін және ЭЦҚ енгізу арқылы жүйеде тіркеледі. Өтінім беру кезінде үміткер іріктеуді өткізу тәртібімен танысады және осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, сондай-ақ ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Тармақ 7
7. Іріктеудің әрбір кезеңінің алдында үміткер өту шарттарымен танысады және осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін іріктеуге қатысуын тоқтатады.
Тармақ 8
8. Үміткер ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.
Тармақ 9
9. Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, интернет жылдамдығының кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камераның, микрафонның және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандырудың болуы) пайдаланады.
Тармақ 10
10. Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді, үміткерді өзге жеке тұлғаға ауыстыруға жол бермейді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; қосалқы баспа, қағаз, өзге де материалдар мен заттарды пайдаланбайды. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінен өту кезінде таза қағазды, қарындашты және калькуляторды пайдалануға рұқсат беріледі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелерінің шешімі бойынша олардың өкілдері үміткерлермен әңгімелесуге қатысады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде жүйеде міндетті түрде хабардар етіле отырып, жойылуға тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
Тармақ 13
13. Бос лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеу үшін конкурстық комиссияны бес жұмыс күні ішінде бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады, бұл ретте конкурстық комиссия құрамының үштен бір бөлігін жүйе кездейсоқ тәртіппен қалыптастыратын тиісті тізімнен бағалаушылар құрайды.
Тармақ 14
14. Конкурстық комиссия мүшелігіне қабылдау туралы шақыру (хабарлама) жүйедегі конкурстық комиссия мүшесінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 15
15. Конкурстық комиссияның мүшесі шақырудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметіне жүйе арқылы тиісті ескерту (хабарлама) келіп түседі және жүйе арқылы конкурстық комиссия мүшелігіне келесі үміткер таңдалады, оған шақыру (хабарлама) жіберіледі.
Тармақ 16
16. Конкурстық комиссия мүшелеріне үміткерлердің дербес деректеріне қатысты мәліметтерді таратпауды, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария етуге, сондай-ақ конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасауға тиым салынады.
Тармақ 17
17. Кворум болмаған немесе конкурстық комиссия мүшелері ауыстырылған жағдайда, конкурстық комиссияның отырысына дейін кадр қызметі конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 18
18. Орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін не орталық мемлекеттік орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі.
Тармақ 19
19. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден тұрады және мынадай құрамда қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы;
Тармақша 2
2) кадр қызметінің қызметшісі немесе кадр қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам;
Тармақша 3
3) бағалаушы.
Тармақ 20
20. Конкурстық комиссияның мүшелері үміткерлерді дербес бағалайды.
Тармақ 21
21. Конкурстық комиссияның құрамына конкурсқа қатысушы кірмейді.
Тармақ 22
22. Конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына оның міндетін атқарушы немесе конкурстық комиссияның мүшесін осы мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан кадр қызметі дербес айқындайды.
Тармақ 23
23. Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды кадр қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін мемлекеттік орган бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді. Бағаушыларды іріктеу туралы хабарландыру жүйеде, сондай-ақ мемлекеттік және уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі хабарландыруда көрсетіледі. Іріктеуге қатысу үшін өтінімдер жүйеге тіркелген пайдаланушылардан қабылданады.
Тармақ 26
26. Іріктеу жүргізілгеннен кейін мемлекеттік орган бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар бағалаушылардың тізімін қалыптастырады.
Тармақ 27
27. Бағалаушы осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бағалаушы рөліне үміткердің жеке кабинетіне жүйемен тиісті хабарлама жіберіледі.
Тармақ 28
28. Бағалаушыға жүйе арқылы оны мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының құрамына енгізу туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 29
29. Бағалаушы конкурстық комиссияның құрамына енгізілген жағдайларды қоспағанда, жүйедегі бағалаушылар тізімінен кез келген уақытта шыға алады.
Тарау 3. 3-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеу тәртібі
3-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеу тәртібі
Тармақ 30
30. Орталық азаматтардың өтініш жасауына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеуді өткізеді.
Тармақ 31
31. Үміткерлер тестілеуге өтінім беруге қатысты ақпаратты және кеңесті жүйеде, уәкілетті органның интернет-ресурсында немесе жұмыс уақытында Орталықтан алады.
Тармақ 32
32. Үміткер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білу тестілеуінен өтеді.
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу нәтижесін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен емес алған үміткерге жеке кабинетке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі-сертификат) жіберіледі. Бұл сертификат ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізуге қатысқан кезде ғана жарамды.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен алған үміткерге жеке кабинетке тестілеуден өтпегені туралы хабарлама жіберіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кейін жол беріледі.
Тармақ 36
36. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі осындай мән-жайлардың қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Тармақ 1. 1-параграф. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 37
37. Тестілеуге қатысу үшін үміткер тестілеу күніне дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей жеке кабинетінде өтінім береді. Үміткер тестілеу күні мен уақытын жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.
Тармақ 38
38. Үміткердің жеке кабинетінде өтінімді тіркеуді растау мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебені көрсету болып табылады.
Тармақ 39
39. Тестілеуге жазылу тестілеуден өту күні мен уақытын көрсете отырып, жүйе қалыптастыратын хабарламамен расталады.
Тармақ 40
40. Тестілеу басталардан бір сағат бұрын жүйемен үміткердің жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 41
41. Тестілеуге қатысу үшін үміткер хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей жүйеде жеке кабинетке кіреді.
Тармақ 42
42. Тестілеу басталмас бұрын үміткер жүйеде тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 43
43. Үміткер тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өтінімнің күшін жоюға жол беріледі. Өтінімнің күші жойылмаған және үміткер болмаған (келмеген) жағдайда жүйе үміткерді автоматты түрде бұғаттайды және тестілеуден қайта өту үшін күнтізбелік үш күн өткеннен кейін бұғаттан шығарады.
Тармақ 44
44. Үміткер Осы Қағидалардың 10-тармағы талаптарын бұзған жағдайда жүйе арқылы бір жұмыс күні ішінде тестілеуден өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі жасалады, оны жеке кабинетіне жібереді. Бұл ретте тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылады.
Тармақ 45
45. Осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тармақ 46
46. Осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын қайтадан бұзуға жол берген үміткерлерді тестілеуге қайта тестілеуден өткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тармақ 47
47. Тестілеу рәсімі аяқталғанға дейін қатысушы сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, соның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
Тармақ 48
48. Үміткер тестілеуді «Ескертусіз аяқтау» немесе «Ескертулермен аяқтау» батырмасын таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткенге дейін өз бетінше аяқтайды.
Тармақ 49
49. Үміткер компьютерді қуаттан өз бетінше ажырату, интернетке қосылуды ажырату арқылы тестілеуді аяқтаған кезде тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылуға жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тармақ 50
50. Тестілеуді аяқтау барысында, үміткер «Ескертулер» жолына өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізеді не шағымын ресімдейді.
Тармақ 51
51. Тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.
Тармақ 52
52. Тестілеудің дұрыс жауаптарын санауды жүйе автоматты түрде жүзеге асырады.
Тармақ 53
53. Жүйенің техникалық ақауы туындаған жағдайда тестілеу автоматты түрде аяқталады, жүйенің әкімшісі техникалық ақау туралы актіні тіркейді. Бұл ретте, жүйе бір жұмыс күні ішінде үміткерлерге тестілеуге қайта өтінім беруге мүмкіндік береді. Тиісті хабарлама жеке кабинетке жіберіледі.
Тармақ 54
54. Тестілеу аяқталғаннан кейін жүйе тиісті нәтижені көрсетеді.
Тармақ 55
55. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесін «Тексеруде» деп көрсетеді.
Тармақ 56
56. Проктормен тексеру тестілеу аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 57
57. Проктор тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, үміткердің жеке кабинетке бұзушылықтар тізімі бар хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қатысушының «Тексеруде» өтінімінің жай-күйі «Тестілеу нәтижесі жойылды» күйіне ауыстырылады.
Тармақ 58
58. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтар болмаған жағдайда үміткердің өтінім мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
2-параграф. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
Тармақ 59
59. Үміткерлердің тестілеу нәтижелеріне шағымдарын қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 60
60. Үміткер тестілеу аяқталған кезде жүйе сұратқан «Ескертулер» бағанында шағымды ресімдейді.
Тармақ 61
61. Уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде Орталықтан шағым берген үміткер бойынша тестілеуден өткені туралы материалдарды сұратады.
Тарау 4. 4-тарау. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жеке қасиеттерін бағалауды және жалпы конкурсты өткізу тәртібі
4-тарау. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жеке қасиеттерін бағалауды және жалпы конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 62
62. Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар мемлекеттік орган өткізеді.
Тармақ 63
63. Мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасуға конкурс жалпы конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 64
64. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру;
Тармақша 2
2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
Тармақша 3
3) үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;
Тармақша 4
4) эссе жазу (басшы лауазымдар үшін міндетті түрде);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу;
Тармақша 6
6) конкурс қорытындысын шығару.
Тармақ 65
65. Конкурс кезеңдерінің нәтижелері бойынша жүйе автоматты түрде конкурс қорытындысын (бұдан әрі – конкурс қорытындысы) шығарады.
Тармақ 66
66. Конкурс қорытындысы бос лауазымға қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру
1-параграф. Жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру
Тармақ 67
67. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады.
Тармақ 68
68. Хабарландырулар жүйеде, мемлекеттік және уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында, өзге де мерзімді баспасөз басылымдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде хабарландыруларды қосымша жариялауға жол беріледі.
Тармақ 69
69. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін азаматтарды Заңның 15-бабының 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында, 27-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жарияланған бос лауазымға тағайындауға конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жол берілмейді.
Тармақ 70
70. Конкурсты өткізу барысында жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 71
71. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;
Тармақша 3
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
Тармақша 4
4) бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін екі жұмыс күнін, жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнін құрайды;
Тармақша 5
5) жеке қасиеттерін бағалаудан өту мерзімдері;
Тармақша 6
6) үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өту мерзімдері;
Тармақша 7
7) эссе жазу мерзімдері (басшы лауазымдар үшін);
Тармақша 8
8) әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты;
Тармақша 9
9) конкурс қорытындыларына шағымдану тәртібі туралы ақпарат.
Тармақ 72
72. Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмаған қызметкердің жұмысқа шығу күні көрсетіле отырып, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау
2-параграф. Жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау
Тармақ 73
73. Үміткер жүйеде бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы конкурсқа қатысуын растайды.
Тармақ 74
74. Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден алдын ала өткен үміткерлер жіберіледі. Үміткердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының болуы жүйемен айқындалады. Мемлекеттік қызметшілерге және Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификаты талап етілмейді.
Тармақ 75
75. Үміткер өтінім берген кезде жүйе оған дербес сәйкестендіру нөмірін тағайындайды. Үміткердің дербес сәйкестендіру нөмірі іріктеу кезеңдеріне қатысқан кезде үміткерді оның дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін пайдаланылады.
Тармақ 76
76. Үміткер жарияланған бос лауазымды таңдағаннан кейін жүйе оның осы лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және үміткерлердің жеке істері біліктілік талаптарына сәйкестігін қайта тексеру үшін бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялаған мемлекеттік органның кадр қызметіне жібереді. Кадр қызметі бір жұмыс күні ішінде үміткерлердің жеке істерінің бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Үміткер жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жүйе үміткерді конкурстың келесі кезеңіне өту туралы хабардар етеді.
Тармақ 77
77. Егер үміткерлердің ешқайсысы жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, жүйе кадр қызметіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлердің жоқтығы және конкурстың аяқталуы туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 3. 3-параграф. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі
3-параграф. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі
Тармақ 78
78. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу түрінде жүргізіледі.
Тармақ 79
79. Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі. Үміткердің жеке қасиеттерін бағалаудан өту күні мен уақыты жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 80
80. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын жүйемен қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 81
81. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін үміткер жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.
Тармақ 82
82. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталғанға дейін үміткер жүйеде жеке қасиеттерін бағалаудан өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 83
83. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) тапсырмалардан тұрады. Жеке қасиеттерді бағалау сонымен қатар сенімділік деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.
Тармақ 84
84. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні жүйемен автоматты түрде анықталатын растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.
Тармақ 85
85. Жеке қасиеттерді бағалаудың жалпы уақыты 100 минутты құрайды.
Тармақ 86
86. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту рәсімі аяқталғанға дейін үміткер сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
Тармақ 87
87. Үміткер «Аяқтау» батырмасын таңдап, жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге бөлінген уақыт өткенге дейін жеке қасиеттерін бағалауды өз бетінше аяқтайды.
Тармақ 88
88. Жеке қасиеттерді бағалауға бөлінген уақыт өткеннен кейін рәсім автоматты түрде аяқталады.
Тармақ 89
89. Жеке қасиеттерді бағалауды аяқтаған үміткерлерге нәтижесі жүйе арқылы көрсетіледі.
Тармақ 90
90. Жүйе тарапынан техникалық ақау туындаған жағдайда, жеке қасиеттерді бағалау рәсімі автоматты түрде аяқталады, жүйе әкімшісі техникалық ақау туралы актіні тіркейді. Бұл ретте жүйе жеке қасиеттерді бағалаудан қайта өтуді тағайындайды. Күні мен уақыты көрсетілген тиісті хабарлама жеке кабинетке жіберіледі.
Тармақ 91
91. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейінгі өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.
Тармақ 92
92. Проктор тексеруді жеке қасиеттерін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Тармақ 93
93. Прокторинг жеке қасиеттерін бағалаудан өту талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, жүйе арқылы бір жұмыс күні ішінде бұзушылықтар тізімі жасалады, ол жеке кабинетіне жіберіледі. Бұл ретте үміткердің «Тексеруде» өтінімінің жай-күйі «Нәтиже жойылды» күйіне ауыстырылады және үміткер іріктеуге қатысуын тоқтатады.
Тармақ 94
94. Жеке қасиеттерін бағалаудан өткен үміткер талаптарды бұзбаған жағдайда оның өтінімінің мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 95
95. Егер үміткерлердің ешқайсысы жеке қасиеттерін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталған» болып өзгереді және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
4-параграф. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
Тармақ 96
96. Бұл кезең үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу кезеңінен тұрады.
Тармақ 97
97. Тестілеуді бастамас бұрын үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 98
98. Қажет болса үміткер қағазды, қарындашты және калькуляторды қолдана алады.
Тармақ 99
99. Үміткер жүйеде өзіне ыңғайлы уақытта белгіленген күн ішінде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Үміткер тапсырмаларға таңдаған уақытта жеке кабинетте қол жеткізе алады.
Тармақ 100
100. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау мәтіннің ұсынылған бөлігін зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.
Тармақ 101
101. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графиктер және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.
Тармақ 102
102. Әр бағалаудың ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Алдын ала нәтижелер тестілеу аяқталғаннан кейін үміткерлердің мониторларында көрсетіледі.
Тармақ 103
103. Конкурстың осы кезеңінің қорытындылары бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерлердің жалпы санының жартысы, бірақ кемінде үшеуі конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 104
104. Бірнеше үміткерде тестілеу нәтижелері тең болған кезде конкурстың келесі кезеңіне үміткерлердің белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
Тармақ 105
105. Бір немесе екі үміткер қатысқан жағдайда, осы үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 106
106. Осы Қағидалардың 103 және 104-тармақтарының талаптары эссе жазу конкурсының кезеңі болған жағдайда қолданылады.
Тармақ 107
107. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытынды нәтижелері жеке кабинетінде орналастырылады.
Тармақ 108
108. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.
Тармақ 109
109. Проктордың тексеруі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 110
110. Проктор мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінің өту шарттарының бұзылуын анықтаған жағдайда, жүйе арқылы бір жұмыс күні ішінде бұзушылықтар тізімі жасалады, ол үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі. Бұл ретте үміткердің «Тексеруде» өтінімінің жай-күйі «Нәтиже жойылды» күйіне ауыстырылады және үміткер іріктеуге қатысуын тоқтатады.
Тармақ 111
111. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінен өткен үміткер талаптарды бұзбаған жағдайда, оның өтінімінің мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Эссе жазу
5-параграф. Эссе жазу
Тармақ 112
112. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1 лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол жүйеде орналастырылады және жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 113
113. Өзге санаттағы лауазымдарда эссе жазу кезеңі мемлекеттік органның қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 114
114. Эссе жазу кезеңі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні өтеді.
Тармақ 115
115. Үміткердің эссе жазу күнін жүйе автоматты түрде анықтайды.
Тармақ 116
116. Эссе жазу кезеңі басталғанға дейін үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 117
117. Эссе жазуды үміткер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жүргізеді және мемлекеттік немесе орыс тілінде екі жүз сөзден аспайды.
Тармақ 118
118. Бірнеше бос лауазымдарға конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке эссе жазады.
Тармақ 119
119. Эссе жазу кезеңі бейне жазу арқылы жүйемен жазылады.
Тармақ 120
120. Эссе жазу уақыты жүйеде эссе жазудың «терезесі» ашылғаннан бастап есептеледі және 45 минуттан аспауы қажет. Бұл жағдайда үміткер белгіленген уақыт аяқталғанға дейін эссе жазуды бастауы және аяқтауы керек.
Тармақ 121
121. Эссе жазу аяқталғаннан кейін нәтиже прокторға тексеруге жіберіледі.
Тармақ 122
122. Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді. Проктордың тексеруден өтуі аяқталғанға дейін өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.
Тармақ 123
123. Проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурстық комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды.
Тармақ 124
124. «Эссе жазу» байқауының кезеңінен өтудің шекті мәні кемінде үш баллды құрайды.
Тармақ 6. 6-параграф. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу
6-параграф. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу
Тармақ 125
125. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Тармақ 126
126. Конкурстық комиссиямен әңгімелесуге конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үшеуден артық емес үміткер жіберіледі.
Тармақ 127
127. Конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің баллдары тең болған кезде әңгімелесуге жіберілетін үміткерлердің белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
Тармақ 128
128. Әңгімелесу кезеңіне жіберілген үміткерлерге кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні, уақыты және сілтемелері көрсетілген хабарламалар жібереді.
Тармақ 129
129. Үміткерлермен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі.
Тармақ 130
130. Бірнеше бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке әңгімелесуден өтеді.
Тармақ 131
131. Конкурс комиссиясының мүшелері бос лауазымға үміткерге алдыңғы жұмыс орындарының қызметтік функционалдық бағыттарына сәйкес үміткермен байланыс орнатуға және орналасуға арналған жеке қасиеттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қояды.
Тармақ 132
132. Әр үміткермен әңгімелесу ұзақтығы 15 минуттан аспайды.
Тармақ 133
133. Әңгімелесу өткізу кезінде үміткер, егер бұл конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі келтірмесе, техникалық жазу құралдарын да пайдалана алады.
Тармақ 134
134. Конкурс кезеңдерінің жазбалары жүйеде конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 7. 7-параграф. Конкурс қорытындысын шығару
7-параграф. Конкурс қорытындысын шығару
Тармақ 135
135. Конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды.
Тармақ 136
136. Егер жүйеде бағалау парақтары оның құрамының кемінде үштен екісі, бірақ кемінде үш адам толтырса, конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.
Тармақ 137
137. Әңгімелесу аяқталған күні жүйе автоматты түрде: жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері, эссе және конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауаптары бойынша барлық кезеңдердің нәтижелерімен жиынтық баллдары ең көп үміткерді - конкурс жеңімпазы ретінде анықтайды.
Тармақ 138
138. Конкурс қорытындысы бойынша жүйе ең жоғары балл жинаған үздік үш үміткерді жинақ баллының төмендеуі бойынша автоматты түрде айқындайды.
Тармақ 139
139. Бірнеше үміткердің баллдары тең болған жағдайда, еңбек өтілі көп үміткер жеңімпаз болып танылады. Еңбек өтілі тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады. Баллдары, еңбек өтілі және білім деңгейі тең болған жағдайда жеңімпаз жүйемен дербес анықталады.
Тармақ 140
140. Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүйемен хаттама рәсімделеді, оған конкурстық комиссия мүшелері ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Мемлекеттік органның кадр қызметіне және үміткерлердің жеке кабинеттеріне жүйе арқылы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Үміткердің лауазымға орналасуы
5-тарау. Үміткердің лауазымға орналасуы
Тармақ 141
141. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам бес жұмыс күні өткеннен кейін, бірақ конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, егер тараптардың келісімдері бойынша өзге мерзім белгіленбесе, жарияланған бос лауазымға үміткер - конкурс жеңімпазын қабылдайды.
Тармақ 142
142. Әңгімелесу кезеңіне бір үміткер қатысқан жағдайда, оны тағайындау конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 143
143. Конкурс жеңімпазы тағайындаудан бас тартқан немесе Заңның 20-бабында көзделген сынақ мерзімі өткенге дейін жұмыстан шығарылған жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметі жүйе арқылы іріктеудің барлық кезеңдерінің жиынтық баллдарының ең көп санын жинаған келесі үміткерге бос лауазымға орналасуға шақыру (хабарлама) жібереді, ол қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 144
144. Жеңімпаз, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) станционарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттармасының нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Тарау 6. 6-тарау. Шағымдану тәртібі
6-тарау. Шағымдану тәртібі
Тармақ 145
145. Үмтікерлердің конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдануына жол беріледі.
Тармақ 146
146. Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 147
147. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Тармақ 148
148. Шағымды қарау қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.
Тармақ 149
149. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынымын конкурс комиссиясы оның отырысында бұрынғы құрамда не кадр қызметінде қарайды. Конкурс комиссиясы немесе кадр қызметі қабылданған шешім туралы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген үміткерге ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 150
150. Үміткерлер конкурстық құжаттарды, тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауды және әңгімелесу нәтижелерімен өздеріне қатысты бөлігінде танысады, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері сұратады және алады.
Басқа 1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білу тестілеу бағдарламасы
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу жүргізу қағидаларына 1-қосымша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білу тестілеу бағдарламасы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасы: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тесттің (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тесттер. Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.
Басқа 2. СЕРТИФИКАТ
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан СЕРТИФИКАТ _________________________________________ «Б» корпусының (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден 20__ жылы өткенін растайды. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Сертификат тестілеуден өткен күннен бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды. «___» ___________________ 20 __ ж.
Басқа 3. Бағалау әдістемесі
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу жүргізу қағидаларына 3-қосымша Бағалау әдістемесі Жеке қасиеттерін бағалау Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау Эссе жазуды бағалау Сұхбатты бағалау Жеке қасиеттерді бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = 0,02 х S мұнда: T – қорытынды балл; 0,02 – жеке қасиеттерін бағалау коэффициенті; S – жауаптардың растық деңгейінің пайызы Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = Т1 + Т2 мұнда: Т – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T2 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T1 = 0,1 х S1 мұнда: T1 – қорытынды балл; 0,1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S1 – дұрыс жауаптардың саны. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T2 = 0,1 х S2 мұнда: T2 – қорытынды балл; 0,1 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S2 – дұрыс жауаптардың саны. 0 балл – үміткер эссе тақырыбын жазбаған немесе ашпаған (сұрақты білмегендігін көрсетеді); 1 – 2 балл – үміткер эссе тақырыбын ішінара ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі мен түсінігі бар); 3 – 4 балл – үміткер эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы кең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың өте жақсы деңгейі бар); 5 балл – үміткер эссе тақырыбын толық ашты (тиісті сала туралы терең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың жоғары деңгейі бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады). 0 балл – үміткер әңгімелесу қабілетін көрсетпеді 1 балл – үміткер әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға нашар жауап береді; 2 балл – үміткер кәсіби тақырыпта қысылып әңгімелеседі, бірақ жетекші сұрақтарға жауап береді; 3 балл – үміткер кәсіби тақырып бойынша еркін әңгімелеседі, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.