О внесении изменений и дополнений в приказ председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 февраля 2017 года № 40 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.»; жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы уақытша Қағидалар мемлекеттік органдарда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізу (бұдан әрі – іріктеу) тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 23 тармағына сәйкес әзірленді.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; жүйенің сұранысы бойынша ол іріктеу кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды; телефонмен сөйлеспейді; басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.»; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Жүйемен ұсынылып, өзінің қатысуын жүйеде растаған бағалаушы, конкурстық комиссия құрамынан негізсіз шығарылуға жатпайды. Бағалаушыны қатыспау себебінен шығарып жіберген жағдайда кадр қызметі шығару себебін көрсетеді. Конкурстық комиссияны қалыптастыру кезеңінде кадр қызметі әңгімелесу басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын қосымша бағалаушыны қосу мүмкіндігі бар.»; 72-тармақ алып тасталсын; 73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «73. Кадр қызметі өтінімдерді қабылдау (үн қосу) мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтінімдерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігіне қарауды жүргізеді, сондай-ақ мынадай құжаттардың сканерленген нұсқаларының болуын және толықтығын тексереді: 1) еңбекқызметін растайтын құжат (біліктілік талаптары өтілінің болуын көздейтін лауазымдар үшін); 2) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшалары. Үміткер осы лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жүйемен конкурс кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы хабарлама жіберіледі. Үміткер осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде кадр қызметі жүйе арқылы қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету туралы хабарлама жібереді. Үміткерге қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету мүмкіндігі бір рет беріледі. Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған үміткер жүйеде бір жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды толықтырады және ЭЖІ-ті түзетеді. Кадр қызметі қажетті құжаттар толықтырылғаннан және ЭЖІ түзетілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған үміткердің ЭЖІ-ін бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігіне қайта тексереді. Үміткер біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмаған не жоқ болған жағдайда және құжаттардың толық емес топтамасын не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттар оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда үміткерді конкурстың келесі кезеңіне жіберуден бас тартылады және жүйемен конкурс кезеңдерінен өтуге жіберуден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Үміткер құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда кадр қызметімен конкурс кезеңдеріне жіберуден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.»; мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын: «74-1. Үміткер конкурс кезеңдеріне жіберілгеннен кейін жүйемен үміткерге дербес сәйкестендіру нөмірі беріледі. Үміткердің дербес сәйкестендіру нөмірі іріктеу кезеңдеріне қатысқан кезде үміткерді оның дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін пайдаланылады.»; 115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «115. «Эссе жазу» конкурсы кезеңінен өткен үміткерлер тарапынан қағидалар талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурс комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды. Эссені бағалауға конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысады. Әрбір эссе конкурстық комиссия мүшелерінің бірдей санымен бағаланады және ЭЦҚ көмегімен расталады. Конкурстық комиссия мүшесінің үміткердің эссесін бағалаудан бас тартуына жол берілмейді.»; 116, 119-тармақтар алып тасталсын; 117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «117. Эссе жазу кезеңіне жіберілген үміткерлердің ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталған» болып өзгереді. Конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен үміткерлерге жолданады.»; 120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «120. Әңгімелесуге конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үшеуден артық емес үміткер қатысады.»; 122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «122. Әңгімелесу кезеңі алдында үміткерлерге кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні мен сілтемесі көрсетілген хабарламалар жібереді.»; 123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «123. Үміткерлермен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі. Үміткерлерді жүйеде әңгімелесу кезеңіне кіруден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.»; 130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «130. Конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды және ЭЦҚ көмегімен растайды. Комиссия мүшесіне үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын бағалаудан және ЭЦҚ көмегімен бағалауды растаудан бас тартуға жол берілмейді.»; 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы «Келісілді» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Келісілді» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты «Келісілді» Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Аппараты «Келісілді» Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі «Келісілді» Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Келісілді» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы «Келісілді» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Келісілді» Адам құқықтары жөніндегі орталық «Келісілді» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Басқа 1. Бағалау әдістемесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2024 жылғы 1 қарашадағы № 184 Бұйрыққа 1-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 3-қосымша Бағалау әдістемесі Жеке қасиеттерін бағалау Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау Эссе жазуды бағалау Сұхбатты бағалау Жеке қасиеттерді бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = 0,02 х S мұнда: T – қорытынды балл; 0,02 – жеке қасиеттерін бағалау коэффициенті; S – жауаптардың растық деңгейінің пайызы Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = Т1 + Т2 мұнда: Т – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T2 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T1 = 0,1 х S1 мұнда: T1 – қорытынды балл; 0,1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S1 – дұрыс жауаптардың саны. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T2 = 0,1 х S2 мұнда: T2 – қорытынды балл; 0,1 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S2 – дұрыс жауаптардың саны. 0 балл -үміткер эссе тақырыбын жазбаған немесе ашпаған (сұрақты білмегендігін көрсетеді); 1 – 2 балл-үміткер эссе тақырыбын ішінара ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі мен түсінігі бар); 3 – 4 балл -үміткер эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы кең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың өте жақсы деңгейі бар); 5 балл – үміткер эссе тақырыбын толық ашты (тиісті сала туралы терең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың жоғары деңгейі бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады). 0 балл - үміткер әңгімелесу қабілетін көрсетпеді, немесе әңгімелесуді қысылып жүргізеді, сұрақтарға толық жауап бермейді 1 балл-үміткер әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға нашар жауап береді, бірақ кейбір сұрақтарға толық жауап береді; 2 балл – үміткер жақсы әңгімелеседі, көптеген сұрақтарға толық жауап береді, жетекші сұрақтарға жауап береді; 3 балл - үміткер еркін әңгімелеседі, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді, ой-өрісінің кеңдігін көрсетеді, кәсіби тәжірибеден мысалдар келтіреді, сенімді дәлелдер мен негіздемелер береді.
Басқа 2. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2024 жылғы 1 қарашадағы № 184 Бұйрыққа 2-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 4-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Тізбесі 2024 жылғы 1 ақпанынан 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
Тармақ 5
5. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 6
6. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары; 2024 жылғы 1 ақпанынан 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
Тармақ 8
8. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 9
9. Ақмола облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 10
10. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 11
11. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 12
12. Шымкент қаласының жергілікті өкілді органы;
Тармақ 13
13. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 14
14. Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 15
15. Астана қаласының жергілікті өкілді органы;
Тармақ 16
16. Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 17
17. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 18
18. Қарағанды облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 19
19. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 20
20. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 21
21. Павлодар облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 22
22. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы. 2024 жылғы 1 шілдесінен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Тармақ 8
8. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 9
9. Ақтөбе облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 10
10. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 13
13. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 14
14. Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 15
15. Батыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 16
16. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 17
17. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 18
18. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 19
19. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 20
20. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 21
21. Маңғыстау облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 22
22. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы. 2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;
Тармақ 2
2. Адам құқықтары жөніндегі орталық;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Тармақ 10
10. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 11
11. Алматы облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 12
12. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 13
13. Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 14
14. Атырау облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 15
15. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 16
16. Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 17
17. Жамбыл облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 18
18. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 19
19. Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 20
20. Жетісу облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 21
21. Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 22
22. Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 23
23. Қостанай облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 24
24. Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы. 2025 жылғы 1 шілдесінен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Аппараты;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасыеың Қаржы министрлігі;
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
Тармақ 12
12. Абай облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 13
13. Абай облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 14
14. Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 15
15. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 16
16. Алматы қаласының жергілікті өкілді органы;
Тармақ 17
17. Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 18
18. Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 19
19. Ұлытау облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 20
20. Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 21
21. Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 22
22. Қызылорда облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 23
23. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 24
24. Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 25
25. Түркістан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 26
26. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы.