О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 июня 2018 года № 617 «Об утверждении формы декларации об активах и обязательствах физического лица и Правил ее составления» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17163 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 - нысан) жасау қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына мыналар: 2025 жылдан бастап: 1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншік (талап ету) құқығында мынадай мүлік: құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі; шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы; инвестициялық алтын; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері; тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдарын, базалық активтерді қоспағанда, эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар; шетелдік брокерлік шоттардағы ақша; Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері; басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде Салық кодексінің 631-бабының 5-тармағында көрсетілген жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек); Салық Кодексінің 631-бабының 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері; 3)цифрлық активтері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері; 4) жеке практикамен айналысатын адамдар. Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларының ережелері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған адамдарға қолданылмайды.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Егер Декларацияда 03-жол белгіленген кезде және шетелдік брокерлік шоттарда ақша қаражаты болған жағдайда «Қазақстан Республикасынан тыс жерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банк салымдары бойынша жиынтық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 1000-еселенген мөлшерінен асатын ақша туралы мәліметтер» бөлімі толтырылады. 03-жолда: 1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі; 2) В бағанында – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген банк мекемесінің немесе мұндай банк мекемесін жекелеген салық төлеуші ретінде айқындауға мүмкіндік беретін оған ұқсас сәйкестендіру нөмірі, брокерлік шот нөмірі; 3) С бағанында – банк мекемесінің атауы (мысалы Royal bank of Canada), қаржы мекемесінің атауы (брокердің аты); 4) D бағанында – банк мекемесін тіркеу елінің коды (валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі); 5) Е бағанында – банк шоттарында ақша бар валюта коды (валюта коды КОК № 378 шешімімен бекітілген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі); 6) F бағанында – банктік және брокерлік шоттардағы ақшаның есепті жылдың соңындағы жалпы сомасы Е бағанында көрсетілген валютада көрсетіледі (мәліметтер тек Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктік және брокерлік шоттардағы ақша қаражаты бойынша толтырылады).».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және ресми жариялануға тиіс.