О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 67 «Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета и правил его формирования» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 428-1-бабының 1-тармағын және 428-2-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі