О внесении изменений в постановление акимата Урджарского района от 21 апреля 2018 года № 68 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 68 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: Қаулының қосымшасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Л.Дуйсенова) заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбаеваға жүктелсін.
Басқа 4
Үржар ауданы әкімдігінің 28 наурыз 2022 жылғы № 101 қаулысына қосымша «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1.«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Бөлім») Үржар ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2.Бөлімнің ведомствосы бар:
Тармақша 1
1) «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 3.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4.Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5.Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7.Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтары мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8.Бөлім құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 325 Б. 10.Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. 11.Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады. 12.Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 3
3) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;
Тармақша 4
4) азаматтық хал актілерін тіркеу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақ 1
1. Құқықтар:
Тармақша 1
1)Мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi суратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
Тармақша 2
2)өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;
Тармақша 3
3)заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;
Тармақша 4
4)аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 6
6)бөлімнің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
Тармақша 7
7)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы; 2. Міндеттері:
Тармақша 1
1)Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
Тармақша 2
2)ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
Тармақша 3
3)Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 4
4)азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1)халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шаралар өткізу;
Тармақша 2
2)халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 3
3)кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;
Тармақша 4
4)жұмыссыздарға, жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік қорғау көрсету;
Тармақша 5
5)халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде өз аумағында және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
Тармақша 6
6)мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
Тармақша 7
7)пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
Тармақша 8
8)бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
Тармақша 9
9)ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
Тармақша 10
10)халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту;
Тармақша 10-1
10-1)халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық және өңірлік комиссиялар туралы Ережелерді бекіту;
Тармақша 10-2
10-2)мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 10-3
10-3)Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуы бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11)жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау;
Тармақша 12
12)кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты, сондай-ақ олардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілейді;
Тармақша 13
13)мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 14
14)мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
Тармақша 15
15)атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
Тармақша 16
16)Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17)өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 18
18)бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
Тармақша 19
19)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 20
20)өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 21
21)Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу болып табылады;
Тармақша 22
22)қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 23
23)ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін үйлестіру;
Тармақша 24
24)нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың қабылдануын қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25)халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын талдау;
Тармақша 26
26)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 27
27)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті азайту жөніндегі шаралар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру болып табылады;
Тармақша 28
28)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29)тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
Тармақша 30
30)үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
Тармақша 31
31)жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 32
32)еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;
Тармақша 33
33)босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату;
Тармақша 34
34)азаматтық хал актілерін тіркеу және жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік дерекқорға мәліметтерді қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімдерде енгізу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді беру және тапсыру;
Тармақша 35
35)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі 16.Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 17.Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесқызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 18.Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгі:
Тармақша 1
1)Бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2)өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3)бөлімнің техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4)қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5)өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6)өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8)бөлімнің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 9
9)қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4 - тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
4 - тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi 19.Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуымүмкiн. Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады. 20.Бөлімге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады. 21.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 3. 5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату 22.Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.