Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 21 мая 2019 года № 143 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Кызылжарского района Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 445 · қабылданған 09.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2019-no-143-ekb-160174/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 21 мая 2019 года № 143 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Кызылжарского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 445 ·09.11.2021
09.11.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 21 мая 2019 года № 143 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Кызылжарского района Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 445 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 21 мая 2019 года № 143 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Кызылжарского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 143 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
445
Қабылданған күні
09.11.2021
Көрсетілген редакция
09.11.2021 160174_544447.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21SH025144
ЭКБ идентификаторы
160174
Редакция идентификаторы
160174_544447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:03

0

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 143 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 21 мамырдағы № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5410 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихаты

1 Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ 445 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 143 қаулысына
қосымша

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

4 4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

5 5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

6 6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

7 7) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

4 4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

5 5) библиограф - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

6 6) кітапханашы – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

7 7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

8 8) музыкалық жетекші – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

9 9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

10 10) хореограф – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары;

11 11) аккомпаниатор – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

12 12) барлық атаудағы әртіс – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары.

Қолданыстағы