О внесении изменения в приказ первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 21 мая 2019 года № 470 «Об утверждении натуральных норм положенности специального автотранспорта и натуральных норм площадей для специфических помещений ведомств Министерства финансов Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18718 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары» деген 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Қалас Е.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 943 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларына 1-қосымша № Ата­уы Әр­бір заң­ды тұл­ға­ға ар­нал­ған ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның заттай нор­ма­ла­ры Жү­ру ли­ми­ті ай­ы­на 1 ав­то­мо­биль­дің (ки­ло­метр) са­лық­тық тек­се­ру­лер үшін Ке­ден­дік ба­қы­лау үшін же­ңіл ав­то негі­зін­де Жүк ав­то­мо­биль­де­рі­нің және жо­ла­у­шы­лар ав­то­бу­ста­ры мен ша­ғын ав­то­бу­ста­ры­ның шас­си­іне же­ңіл ав­то негі­зін­де Жүк ав­то­мо­биль­де­рі­нің және жо­ла­у­шы­лар ав­то­бу­ста­ры мен ша­ғын ав­то­бу­ста­ры­ның шас­си­іне 1 2 3 4 5 6 7 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті 3 0 3 0 2500 2. Об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар және аста­на бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кі­рі­стер де­пар­та­мент­те­рі 4 0 3 1 2500 3. Ке­ден­дер - 8 1 2500 4. Ке­ден бе­кет­те­рі - 2 0 2500 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­рі - 2 1 2500 Ескертпе: арнайы автокөліктерді пайдалану Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер, Қаржы мониторингі комитеттері төрағаларының бұйрығымен бекітілген тәртіпте, белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылады; арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер, қаржы мониторингі органдарының, лауазымды адамдарын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус; жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс; жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.