Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-307/2020 «Об утверждении правил изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-120 · қабылданған 27.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2020-no-3072020-ekb-173302/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-307/2020 «Об утверждении правил изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-120 ·27.10.2022
27.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-307/2020 «Об утверждении правил изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-120 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-307/2020 «Об утверждении правил изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы»
Атауы (қаз.)
«Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-120
Қабылданған күні
27.10.2022
Көрсетілген редакция
27.10.2022 173302_598966.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030347
ЭКБ идентификаторы
173302
Редакция идентификаторы
173302_598966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:16

0

«Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда транспланттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚРДСМ-307/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 212-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алып қою және консервациялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) ағза – организмнің белгілі бір функциясын атқаратын бөлігі;
2) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – «Бекітілген халықтың тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде модуль ретінде құрылған трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тірі кезінде бас тартуға немесе келісім беруге өзінің құқығын іске асыруға өз еркін білдірген кәмелетке толған және әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) ықтимал қайтыс болғаннан кейінгі доноры (бұдан әрі – ықтимал донор) – медициналық қызметтің бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарда болған, 48 сағаттан кешіктірмей биологиялық өлімі расталған қабілетті (қайтыс болған кезде), он сегіз жастағы және одан үлкен адамның мәйіті;
5) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) дайындау – одан әрі консервациялау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) мобилизациялау бойынша операциялық іс -шара;
6) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігін) алу – трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу;
7) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) консервациялау - көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тіршілік етуін сақтау мақсатында сыртқы және ішкі ықпалдан көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) жасушаларын қорғауды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы;
7-1) консервацияланған мөлдір қабық – бұл консервацияға ұшыраған көз алмасының тіні;
8) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) сақтау – трансплантаттау сәтіне дейін ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тін бөлігін) жасушаларының тіршілікке икемділігін толық сақтауға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы;
9) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) тасымалдау – сақтау және трансплантаттау үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) жеткізу бойынша іс - шаралар кешені;
10) трансплантаттау орталығы – республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ғылыми - зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының базасында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трансплантаттау бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымы;
11) трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу;
12) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы;
13) тін – құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттың жиынтығы.»;
16 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Алынған көру ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тіннің бөлігі) стерильді құтыларға салынады, 2,0 миллилитр физиологиялық ерітіндіні құяды. Құтылар қақпақпен жабылады және алынған көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) атауы, консервациялау күні мен донорға берілген нөмір көрсетіліп таңбаланады.
Трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзалары болмаған кезде патологиялық анатомия қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда (алынған көру тіндері (тіннің бөліктері)) консервацияланған мөлдір қабықты пайдалануға жол беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы