О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 сентября 2020 года № 333 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қыркүйектегі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502 болып тіркелген) № 333 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында: 9 тармақтың 2), 3), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде уәкілетті органның ұсынған тізімдері негізінде; 3) Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының (бұдан әрі – «Ардагерлер туралы» Заң) күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде; 4) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;»; 14 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай: мүгедектерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.