О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 21 октября 2020 года № 473 «Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных в Кызылординской области» Күшін жойған
Басқа 0
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облыстық мәслихатының «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7763 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында:
6 - тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесінің жай-күйіне, мекендеу ортасын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 17-бабына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етілуге тиіс.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.