О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского областного маслихата от 21 октября 2020 года № 474 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и (или) на льготных условиях» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7771 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасының 4, 12, 15, 16 және 22 қатарлары мынадай редакцияда жазылсын: 4 Ювенильді идиопатиялық артрит (балалардағы) Диспансерлік есепте тұрған балалар Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану - Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді; - Инфликсимаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; флакон 12 Көптік миелома Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Иксазомиб капсула. 15 Дюшенн бұлшықет дистрофиясы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Дефлазакорт таблетка; - Левокарнитин ішуге арналған ерітінді, инъекцияға арналған ерітінді. 16 Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі терминалдық сатысы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Жасанды қоректік сұйықтық өмір сүру ұзақтығын ұзартады Нутрикомп Дринк ренал-ванильді-200 грамм-1 құты; Нутриком стандарт-500,0 мл (0,5-л, энтеральді қоректендіруге арналған жүйе) 22 Жұлын бұлшықетінің атрофиясы Диспансерлік есепте тұрған балалар І, ІІ типті - Нусинерсен 12 мг/5 мл аталған шешімнің қосымшасы 24 және 25, 26 қатарлармен толықтырылсын: 24 Жүйелі қызыл жегі Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады Ритуксимаб көктамыр ішіне инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат флакон 25 Амиотрофиялық бүйірлік склероз Рилузол қабықпен қапталған таблетка 26 Гепатоцеллюлярлық карцинома Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады -Атезолизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат флакон
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.