О внесении изменений и дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 21 октября 2020 года № 474 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и (или) на льготных условиях» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістермен толықтыру енгізу туралы Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облыстық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7771 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін»; көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар». аталған шешімнің қосымшасы 27 қатарымен толықтырылсын: 27 Тұқым қуалайтын анги-оневро-тикалық ісіну Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады Ингибитор С1-эстеразы (Цинрайз) иньекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 МЕ флакон
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.