О внесении изменения и дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 21 октября 2020 года № 474 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатных условиях» Күшін жойған
Басқа 0
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облыстық мәслихатының «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7771 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының 12 қатары жаңа редакцияда жазылсын:
12
Көптік миелома
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады.
- Даратумумаб инфузиялық ерітіндіні дайындайтын концентрат;
- Иксазомиб капсула;
- Помалидомид
капсула.
аталған шешімнің қосымшасы 28 қатарымен толықтырылсын:
28
Біріншілік остеопороз
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады
- Терипаратид
тері астына енгізуге арналған ерітінді Шприц-ручка
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.