О внесении изменений и дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 21 октября 2020 года № 474 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированные лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатных условиях» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7771 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 4 және 8 жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 4 Ювенильді идиопатиялық артрит (балалардағы) Диспансерлік есепте тұрған балалар Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану - Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді; - Инфликсимаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; флакон; - Циклоспорин 8 Целиакия Диспансерлік есепте тұрған балалар Туа біткен ферментопатия кезіндегі алмастырғыш дәрілік препарат. Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Панкреатин 10000 ЕД/150 мг; - Панкреатин 25000 ЕД/300 мг; - Глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз нан пісіруге арналған ұн қоспасы; - Глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз макарон көрсетілген шешімнің қосымшасы 29 жолымен толықтырылсын: 29 Нейрофиброматоз 1 типті, плексиформды түрі Диспансерлік есепте тұрған балалар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Селуметиниб
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.