О внесении изменений в совместные приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 июня 2021 года № 102 и постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 4/407 «Об утверждении перечня документов, представляемых кандидатами в акимы района, городов областного значения, города районного значения, села, поселка, сельского округа в соответствующую территориальную избирательную комиссию для проверки соответствия требо Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-2-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 23-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Қоса берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі бекітілсін.»; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі, көрсетілген бірлескен бұйрықпен және қаулымен бекітілген осы бірлескен бұйрық пен қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесіне қосымша: жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесіне қосымша» тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ, АУЫЛДЫҢ, КЕНТТІҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА В АКИМЫ ГОРОДА РАЙОННОГО ЗНАЧЕНИЯ, СЕЛА, ПОСЕЛКА, СЕЛЬСКОГО ОКРУГА».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрық пен қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық пен қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына қосымша Бірлескен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысандағы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкіміне кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
Тармақша 2
2) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 3
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен немесе нотариалды куәландырылған көшірмелермен салыстырады. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидат құжаттарды тапсырғаннан кейін келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органына жоғарыда көрсетілген құжаттарды және статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның есептері бойынша мәліметтердің болуы/болмауы туралы деректерді алу үшін жеке тұлғаға берген жауабын жолдайды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей кандидаттың бiлiктiлiк талаптары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәселесі бойынша қорытындыны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жолдайды.