О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 21 октября 2021 года № 118 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов» Күшін жойған
Басқа 0
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25018 болып тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 28
шешіміне қосымша
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 118 шешіміне
2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№
Атауы
1.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
2.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
3.
Толық емес отбасылар.
4.
Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.