О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 21 октября 2021 года № 118 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25018 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 161 шешіміне қосымша Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне 2-қосымша Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі № Атауы 1. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар 2. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар 3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар 4. Толық емес отбасылар 5. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттік ұйымдарының қажетті мамандары