О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 21 июля 2022 года № 28/3 «Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Есильскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 28/3 «Есіл ауданы бойынша халқы үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданы бойынша халқы үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2022 жылғы 21 шілдедегі № 28/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28996 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.