О внесении дополнения в постановление акимата Туркестанской области от 21 февраля 2023 года № 30 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры и туризма Туркестанской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 30 «Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы №30 «Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 16 тармақ: келесі мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 36-1
«36-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;».
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.