Об отмене постановления акимата Амангельдинского района от 21 апреля 2023 года № 35 «О внесении изменения в постановление акимата Амангельдинского района от 6 апреля 2018 года № 30 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» местных исполнительных органов Амангельдинского района» Қолданыста
Басқа 0
Амангелді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 35 «Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 30 «Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 35 «Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 30 «Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Амангелді ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.