О внесении дополнения в решение акима района от 21 ноября 2023 года № 4-ш «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Павлодарского района Павлодарской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 4-ш шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабының 6-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 4-ш шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған шешімнің 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында қатты желге, сондай-ақ су басу қаупін жою іс-шараларын жүргізуге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын».
Тармақ 2
2. Толықтыру әсер етпейтін барлық өзге тармақтар өзгеріссіз күшінде қалады.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.