О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2024 года № 678 «О введении моратория на создание субъектов квазигосударственного сектора» Қолданыста
Басқа 0
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2024 жылғы 21 тамыздағы № 678 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 тамыздағы № 678 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда (тиісті саланың уәкілетті органы мен монополияға қарсы органның оң қорытындылары болған кезде), 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.