О внесении изменений в решение Джангельдинского районного маслихата от 21 мая 2024 года № 88 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жангелдин аудандық мәслихатының «Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 21 мамырдағы № 88 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жангелдин аудандық мәслихатының «Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 21 мамырдағы № 88 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10216-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жангелдин ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтаушы жарналарды; коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды. Көрсетілетін қызметті аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.».
Тармақ 2
2. «Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жангелдин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.