О признании утратившим силу постановления акимата Алматинской области от 21 апреля 2025 года № 105 «Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Алматинской области» Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі «Алматы облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы регламентін бекіту туралы» № 105 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі «Алматы облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы регламентін бекіту туралы» № 105 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 209413 болып тіркелген, 2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.