О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 октября 2025 года № 111 «Об утверждении Методики по проведению отраслевых (ведомственных) функциональных обзоров деятельности государственных органов» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы
№ 111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы №111 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мақсаттармен салыстыру және функцияларды саралау кезеңі.
Мақсаттармен салыстыру:
стратегиялық құжаттарға байланыстыру: функцияның мемлекеттік бағдарламалармен, ұлттық басымдықтармен, салаларды дамыту стратегияларымен, мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларымен байланысын талдау;
нысаналы индикаторлармен және KPI-мен байланыс: функцияны орындау нақты негізгі тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) және мемлекеттік орган немесе сектор үшін белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге қалай әсер ететінін анықтау;
салымды бағалау: стратегиялық міндеттерді шешуге және жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге функцияның тікелей және жанама үлесін сандық және сапалық бағалау;
мақсаты: функцияның стратегиялық маңыздылығы мен өзектілігін, оның жалпы мемлекеттік саясатқа және ұзақ мерзімді жоспарларға сәйкестігін растауды қамтиды.
Функцияларды саралау Функционалдық аналитика модулінде жүргізіледі.
Функционалдық аналитика модулі функцияларды мынадай түрлерге саралауды жүзеге асырады:
1) басым/салалық – негізгі ұлттық индикаторлар және Ережеде бекітілген мемлекеттік органның міндеттері негізінде айқындалатын функциялар;
2) әмбебап – жалпы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті функциялар;
3) процестік – өкілеттіктерді орындауға бағытталған әрекеттердің дәйектілігін көрсететін функциялар;
4) сабақтас – ведомствоаралық өзара іс-қимыл функциялары;
5) қосалқы – мемлекеттік органның ішкі жұмысын реттеуге бағытталған функциялар.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.