О признании утратившим силу постановления акимата Павлодарской области от 21 февраля 2025 года № 58/1 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения и дошкольных организаций в организационно-правовой форме казенных предприятий, дополнительного обр Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7639-14 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.