О признании утратившим силу постановления акимата Коксуского района от 21 февраля 2025 года № 60 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Коксуском районе Күшіне енбеген
Басқа 0
Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 275-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау, аудан әкімінің орынбасары Е.Шалкибековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары
Қаулысына қосымша
Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары
№
Нақты орналасқан жері
Алып жатқан алаңы, шаршы
метр
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объетілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
1
2
3
4
5
6
1
Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, «Дастан» дүкеніне қарама-қарсы
120,0
«Жетісу», «Дастан» дүкендері
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5
2
Балпық би ауылы, Измайлова көшесінің бойы (оң жағы), «Көксу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы
180,0
«Әсем» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5
3
Балпық би ауылы, Измайлов көшесіндегі
№10 ғимаратының алды
85,0
«Әсем» дүкені
Бөлшек сауда (концелярия тауарларын сату)
5
4
Балпық би ауылы, Амангелді көшесінің бойы, «Нұржан» дүкенінің жаны (оң жағы)
1190,0
«Нұржан» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5
5
Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, «Шаған» сауда үйінің жаны (оң жағы)
18,0
«Шаған» сауда үйі
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5