О внесении изменения в постановление акимата города Арыс от 21 ноября 2025 года № 741 «Об утверждении коэффициента зонирования в городе Арыс, учитывающий месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте на 2026 год» Қолданыста
Басқа 0
Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы «2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» №741 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы «2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» №741 қаулысына мынандай өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулының кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы №517/НҚ бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.