О внесении дополнения в решение Жаркаинского районного маслихата от 21 февраля 2025 года № 8С-45/5 «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Жаркаинскому району на 2025-2029 годы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 8С-45/5 шешіміне толықтыру енгізу туралы Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 8С-45/5 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі көрсетілген жоспардың 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 6-кестемен толықтырылсын: «Кесте 6. Қайтарылған жер учаскелері туралы мәліметтер Ауылдың, ауылдық округтің атауы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін жер учаскелері, гектар Жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар, гектар Бірсуат ауылы 439,7 4266,1 Құмсуат ауылы 1487,0 - Пригородный ауылы - 574,4 Пятигор ауылы 16,0 - Тассуат ауылы - 145,4 Шойындыкөл ауылы - 16381,3 Костычев ауылдық округі 26,0 - ».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.