О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 мая 2026 года № 328 «О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан»» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2026 жылғы 21 мамырдағы № 328 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.»;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.