Об отмене постановления Восточно-Казахстанского областного акимата от 21 января 2026 года № 8 «О некоторых вопросах деятельности государственного учреждения «Управления предпринимательства и промышленности Восточно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ереженің, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу ережелерінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.