О внесении изменений в решение 21 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 февраля 2014 года № 4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы №4 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы №4 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 12 сәуірдегі «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінің №14 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: «9) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
Тармақша 2
2) 26 –тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.