О внесении дополнений в решение 21 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 февраля 2014 года № 4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района» Күшін жойған
Басқа 0
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының
2014 жылғы 28 ақпандағы №4 «Бұқар жырау ауданының
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы №4 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 13 сәуірдегі №14 «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
6-тармақ келесі мазмұндағы 1-3), 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) 21 - 23 наурыз – Наурыз мейрамы;
1-4) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;»;
9-тармақтың 7) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«адамның иммунитет тапшылығы (АИТВ) вирусы тудыратын ауру балалар;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.