Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 21.07.2010 № 5/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗҚорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 21.07.2010 № 5/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 21.07.2010 № 5/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 21.07.2010 № 5/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/27
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2012 · қолданыстағы 56828_196897.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BO000157
- ЭКБ идентификаторы
- 56828
- Редакция идентификаторы
- 56828_196897
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:34
0 Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 21.07.2010 № 5/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-151 болып тіркелген, 2010 жылғы 31 тамызда аудандық «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
2 тармағының 2) тармақшасының 1.1) азат жолында:
- «орны мен (колледждерімен) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» сөздері «орнының (колледждердің)» сөздерімен ауыстырылсын;
- «көлемінде» сөзінен кейін «өтініш иесінің немесе» сөздерімен толықтырылсын;
2 тармағының 3) тармақшасы 1.7) азат жолымен келесі редакцияда толықтырылсын:
- «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне дәрі алу үшін 2 айлық есеп көрсеткішпен ай сайын материалдық көмек көрсетілсін».
2 2. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қорғалжын ауданының әкімі С.Қасенов