у.с. - постановлением ЦИК РК от 2.10.99г. № 33/251 ~V990932 О порядке хранения документов по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөнiндегi құжаттарды сақтау тәртiбi туралы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" U952464_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi: Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөнiндегi құжаттарды сақтаудың мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:
Тармақ 1
1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамалары округтiк сайлау комиссияларының мәслихат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамалары, кандидаттардың есеп карточкасы; әрбiр округ бойынша мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi туралы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары тиiстi аумақтық сайлау комиссиясында 5 жыл бойы сақталады, сосын бекiтiлген тәртiпте тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк архивiне тапсырылады.
Тармақ 2
2. Округтiк сайлау комиссиялары мәжiлiсiнiң хаттамалары: мәслихат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамалардың көшiрмелерiн қоса; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде немесе облыстық (қалалық) әдiлет басқармасында осы қоғамдық бiрлестiктiң тiркелгенi туралы құжаттар қоса тiркелген кандидаттарды ұсыну жөнiндегi республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер жоғары органдарының хаттамалары; мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсуге келiсетiндiгi немесе ниеттенетiнi туралы өтiнiшi; кандидаттың өмiрбаяны; дауыс беру нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссиялары хаттамалары қоса тiркелген, сайлау округтерi бойынша мәслихаттар депутаттарын сайлау нәтижелерi туралы округтiк сайлау комиссиялары хаттамаларының көшiрмелерi сайлау комиссиялары құрған органдарда 5 жыл бойы сақталады, содан кейiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк архивiне тапсырылады.
Тармақ 3
3. Учаскелiк сайлау комиссиялары отырысының хаттамалары және басқа құжаттар, сайлау округi бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалардың көшiрмелерiн қоса, сайлау комиссиялары құрған органдарда 4 жыл бойы сақталады, содан кейiн бекiтiлген тәртiпте жойылады. Әскери бөлiмшелерде құрылған учаскелiк сайлау комиссияларының аталған құжаттары, әскери бөлiмшелерде 4 жыл бойы сақталады, содан кейiн бекiтiлген тәртiпте жойылады.
Тармақ 4
4. Сайлаушылар тiзiмiн учаскелiк сайлау комиссиялары, осы комиссиялар құрған, органдарға бередi, онда олар жаңа сайлау өткiзiлгенге дейiн сақталады, содан кейiн жойылады.
Тармақ 5
5. Дауыстар саналғаннан кейiн сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау комиссиялары (мөрi алынған күйде, олардың iшiнде жеке жойылған бюллетеньдердi) тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына жiбередi, онда олар сайлау күнiнен бастап 1 жыл бойы сақталады, сосын жойылады. Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы 1996 ж. "19" наурыз N 51