Об утверждении Правил выдачи удостоверения единого образца реабилитированному лицу, образца удостоверения реабилитированного лица и признании утратившим силу постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 октября 1993 года № 1055 "О порядке обеспечения удостоверениями реабилитированных лиц, подвергшихся политическим репрессиям" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары;
Тармақша 2
2) Ақталған адамның куәлігінің үлгісі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабына сәйкес әзірленді және ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақтау туралы анықтама – Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокуратура органдары, сот беретін құжат;
Тармақша 2
2) ақталған адам – заңға сәйкес ақталған адам; 3) ақталған адамның куәлігін беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары.
Тарау 2. 2-тарау. Ақталған адамның куәлігін беру тәртібі
2-тарау. Ақталған адамның куәлігін беру тәртібі
Тармақ 3
3. Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адам өзі не өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі;
Тармақша 3
3) өкілі арқылы жүгінген жағдайда – оның өкілеттіктерін растайтын құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттың төлнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады. Өтінішті тіркеу ақталған адамның бірыңғай үлгідегі куәлігін (бұдан әрі – куәлік) алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады. Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің жыртпалы талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлік беруді есепке алу журналына белгі қоя отырып, өтініш берушіге куәлікті береді.
Тармақ 5
5. Куәлік жоғалған және/немесе бүлінген жағдайда, ақталған адам осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді. Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің жыртпалы талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, «телнұсқа» мөртаңбасы басылатын куәліктің телнұсқасын береді.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген Ақталған адамның куәлігінің үлгісі Куәліктің алдыңғы беті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Герб Республики Казахстан Ақталған адамның КУӘЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ реабилитированного лица Куәліктің ішкі жағы ______________________________ Куәлікті берген уәкілетті органның атауы ______________________________ Название уполномоченного органа ______________________________ выдавшее удостоверение КУӘЛІК сериясы _________ №_____________ серия УДОСТОВЕРЕНИЕ _______________ __________________ | | Тегі / Фамилия | | | | __________________ | | Аты / Имя |_______________| __________________ Әкесінің аты / Отчество М.О. / М.П. __________________ Қолы / Подпись Куәлiктi ұсынушы адамның «Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарға құқығы бар. Куәліктің мерзімі белгіленбеген және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Берілген күні 201_ ж. «__» __________ М.О. _____________________________________ Уәкілетті орган басшысының қолы Предъявитель удостоверении имеет право на льготы и преимущества, установленные Законом Республики Казахстан «О реабилитации жертв массовых политических репрессий». Удостоверение бессрочное и действует на всей территорий Республики Казахстан. Дата выдачи «__» _________ 201_ г. М.П. _______________________________ Подпись руководителя уполномоченного органа
Басқа 21. Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш
Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларына және ақталған адамның куәлігінің үлгісіне қосымша _________________________________ (уәкілетті органның атауы) _________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса)) _________________________________ (тұратын мекенжайы) Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңiлдiктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін: ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ Ұсынылған құжаттардың төлнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын. Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. 20___ жылғы «___» __________ __________________________ (өтініш берушінің қолы) Құжаттарды:________________________________________________ қабылдады. (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы) 20__ жылғы «___» ___________ __________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы) ---------------------------------------------------------------------------------- (қию сызығы) ж ы р т п а л ы т а л о н ___________________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20____ж. «___»______________ (көрсететін қызметті алу күні өтініш уәкілетті органда тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні) 20____ж. «___» ______________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы мен қолы