О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 22 октября 1996 года N 118 "Об утверждении Инструкции "О порядке предоставления отчетности профессиональными участниками рынка ценных бумаг" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту туралы" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 21.08.2004 N 252 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту туралы" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы нұсқауда: N 1 "Брокерлік-дилерлік қызметтің қорытындылары туралы есеп" нысаны; N 3 "Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі есеп" нысаны алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының және "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына және "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.