О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 апреля 1997 года № 3465 "О мерах по дальнейшему реформированию системы правоохранительных органов Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы
"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж, N 16, 125-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң 12970 бiрлiктегi, оның iшiнде орталық аппараттың 42 бiрлiгi бар 180 бiр бiрлiктегi орталық аппаратының республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын штаттарын;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалын.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне берсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.12.18 N 1788 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалының базасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң заңды тұлға құқығы бар Көкшетау жоғары техникалық училищесi (бұдан әрi - Училище) құрылсын.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi белгiленген тәртiппен Училищенiң Жарғысын бекiтсiн және тiркесiн. Училище бастығын тағайындап, оқу процесiн ұйымдастыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.12.18 N 1788 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне:
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң ұсталмайтын қордың санаттарға бөлiнген материалдық құралдары қоймаларын келiсiм-шарт негiзiнде күзету;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнде келiсiм-шарт негiзiнде кемiнде күндiзгi оқу бөлiмiнде 50 және сырттан оқу бөлiмiнде 50 орын шегiнде "өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша жоғары бiлiмдi Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет кадрларын оқыту мен даярлау жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет туралы Ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн;
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат) қосымшасына екi апта мерзiмде тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 9
9. Құпия.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi) туралы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
N 1143 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi) туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.
Басқа 11. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi мен оның ведомстволық бағынысты бөлiмшелерiнiң Штат саны
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
N 1143 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi мен оның ведомстволық бағынысты бөлiмшелерiнiң Штат саны
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.