О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года N 14 "Об утверждении Правил регистрации залога движимого имущества" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 913 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 914 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3325 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 361 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы Ережеде: 16-тармақта "төлем ақысын" деген сөздер "жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымды" деген сөздермен ауыстырылсын; "төлемнің" деген сөз "алымның" деген сөзбен ауыстырылсын; 24-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "5) жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алынатын алымның төленгенін растайтын құжатының болмауы."; 26-тармақ алынып тасталсын; 28-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.