О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года N 29 и признании утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан от 20 июня 2003 года N 1141 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiн қайта ұйымдастыру туралы" 2004 жылғы 9 маусымдағы N 1382 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат, 2003 ж., N 12, 132-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
peттeу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегі агенттiгi 573
оның iшiнде аумақтық органдар 408"
деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., N 27, 250-құжат; N 41, 427-құжат; 2004 ж., N 21, 267-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.